«Сходим» парақшалар желісі Шымкент туризмін дамытуда

Oinet.kz 05-11-2021 854

Screenshot_3.jpg

Бүгінде туристер өзі саяхаттап барғысы келетін қала туралы мәлімет іздегенде ең бірінші кезекте әлеуметті желіге жүгінеді. Себебі әлеуметтік желіде кез-келген қала туралы обьектіивті пікірді оқып біле алады. Және әлеуметті желі арқылы қаланың көрікті жерлерерін тамашалай алады. Сол арқылы бұл қалаға баруға бола ма, болмай ма, оны шешеді. Сондықтан да әлеуметтік желі арқылы туристі тарту өте маңызды һәм өзекті. 

Instagram әлеуметтік желісінде Shodim.Shymkent парақшасы туристерге гид қызметін де ұсынуда. Аталған парақшаға кіру арқылы туристер қалаған жеріне бара алады. Мұнда көптеген туристік қызметтер кешенді түрде көрсетіледі. Туристерге таңдау еркіндігі беріліп, қалаған жерлеріне қалай бару керектігі нақты түсіндіріледі. Осы парақша арқылы туристерге жеңілдіктер де жасалады. Сондықтан да аталған парақшаның Шымкент қаласындағы туризм саласын дамытудағы рөлі ерекше. 

Shodim.Shymkent - "Сходим" парақшалар жүйесінің бір бөлігі. "Сходим" парақшалар желісі Қазақстандағы ірі қалаларды туристерге насихаттайды. Shodim.Shymkent парақшасында бүгінде 170 мыңға жуық оқырман бар. Парақшада 16 500-ге жуық пайдалы посттар жарияланды. Бұл посттардан туристер өздеріне керектіні ала білді.

Шымкентте жылыжай арқылы нәпақа тауып отырғандар аз емес
BI Group компаниясы салған инвестиция қала көркін ашуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу