BI Group компаниясы салған инвестиция қала көркін ашуда
Соңғы жылдары Шымкент қаласында тұрғын үй құрылыстары қызу жүргізілуде. Қуантарлығы сол, қалада бизнес, элит үлгідеді көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бұл үйлерді республикаға танымал BI Group құрылыс компаниясы салуда. Аталған компания Шымкентте бұған дейін "Темірлан" тұрғын үй кешенін салды. Бұл тұрғын үй кешегіндегі үйлер толықтай сатылып кетті. Бұл - қала халқының төлем қабілеті жоғары екенін көрсетеді. Нәтижесінде BI Group компаниясы қаланың көрнекті жерлерінде көпқабатты үйлер салуды жалғастыруда.
Бүгінде қалалық әкімдік қасында "Әл-Фараби", "Альтаир", "Клуб 39" тұрғын үй кешендері, Зообақ маңында "Дендропарк", "Тұмар" тұрғын үй кешені, сонымен қатар "Грандпарк" тұрғын үй кешендері жаппай салынып жатыр. Бұл өз кезегінде қала көркін ашып, туризмін дамытуға зор үлесін қосады. Қала әкімдігінің мәліметінше, BI Group компаниясы Шымкентке кезең-кезеңмен 135 млрд теңге инвестиция салмақ ниетте екенін айтты. Бизнес санатты тұрғын үй кешендері арқылы инвестицияның алғашқы легі құйылып та жатыр.
Аталған компания бұған дейін Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынған еді. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жобаның үлкен екенін айтып, жоба іске асырылған жағдайда, ондағы инвестиция көлемі 135 миллиард теңге, салықтық жеңілдіктер шамамен 15 миллиард теңгені құрайды. Құрылысқа жалпы 6000-ға жуық адам тартылады. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін әлеуметтік және коммерциялық нысандарда шамамен 2500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мектептер, балабақшалар, білім беру орталықтары және тағы басқа нысандарды салу көзделіп отырғанын мәлімдеді.
Алдағы уақытта Шымкент қаласы туристер қызығып тамашалайтын бизнес санаттағы көпқабатты үйлер қаласына айналмақ.