Әлеуметтік желілердің туризмді дамытуға қосар үлесі зор
Бүгінде барлық адамда әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары бар десек қателеспеген болар едік. Әрбір адамда кемінде 3-4 желіде аккаунт бар. Әсіресе Instagram желісі көпшілік арасында өте танымал. Барлық адам осы желіні қолданады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы әрбір адам өз өнімін жарнамалай алады. Себебі мұнда миллиардтан астам қолданушы бар.
Әлеуметтік желілерде тек кәсіпкерлер өз өнімдерін емес, жергілікті тұрғындар өз қалаларын да жарнмалап, насихаттай алады. Инстаграм желісінде Шымкент қаласы жоғары деңгейде насихатталып жатыр. Қалаға қатысты көптеген аккаунттар ашылып, қолданушыларды қаланың көрікті жерлерімен таныстырып отыр. Мысалы Shymkent.online парақшасына бүгінде 320 мыңнан аса қолданушы тіркелген. Бүгінгі күнге дейін аталған парақша 19 400 пост жариялап үлгерген. Мұнда негізінен Шымкент қаласы туралы мәліметтер жарияланады. Қаладағы әрбір позитивті жаңалық осы парақшадан көрініс табады. Өзге өңірдегі тұрғындар Шымкент қаласына келгенде осы парақшадан өздеріне керекті мәліметтерді ала алады.
Осы арқылы туристер қала туралы жағымды пікір қалыптастыра алады. Қазіргі ақпараттық заманда әрбір қала интернет бетінен табылып, оқырмандарға жақын болу керек. "Интернетте жоқ кәсіп - кәсіп емес" демекші, кәсіп пен туризмді дамытуда әлеуметтік желілердің атқарар рөлі зор.