«Абдукаримов» мал бордақылау фермасы 300 жылқы, 300 қойды бордақылауда

Oinet.kz 02-11-2021 699

Screenshot_7.jpg

Көшпелі дала өркениетінің төл ұрпағы қазақ халқы ет өнімдерін сүйсіне жейтіні белгілі. Қазақ халқы үшін ет өнімдері әрқашан сұраныста. Қысқы мерзімге арнайы соғым алдыратын қазақ халқы екені белгілі. Мұндай дәстүр басқа ешқандай ұлтта жоқ десек қателеспеген болар едік. Сондықтан да ет шаруашылығымен айналысатын шаруалар ешқашан клиентсіз қалмайтыны айдан анық. Осы орайда Шымкент қаласында ет шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер аз емес. 

Бүгін «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының іске асырылуын бақылау жасау мақсатында Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Бекайдар Төлегенов, Б.Қыдырбаев және Ж.Таңатарова «Абдукаримов» мал бордақылау фермасына барып, жұмыс барысымен танысты. 

Ферманың тіршілігімен қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары таныстырды. Бүгінгі күні 1000-ға жуық басқа арналған қора салынып, 300 жылқы, 300 қой бордақыланып, 20-ға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталған ферма қала тұрғындарын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұл ферманың өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары.

Жеке кәсіпкерлер есебінен екі спорт кешені пайдалануға берілді
Әлеуметтік желілердің туризмді дамытуға қосар үлесі зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу