Жеке кәсіпкерлер есебінен екі спорт кешені пайдалануға берілді

Oinet.kz 15-10-2021 432

Screenshot_6.jpg

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласында ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен 2 спорт нысаны пайдалануға берілді. 

Атап айтқанда, халықаралық деңгейдегі «SHYMKENT SHOTTING PLAZA» ату алаңы мен «Анош» спорт кешені.

«SHYMKENT SHOTTING PLAZA» ату алаңының жобалық құны 630,0 млн тг құрайды. Спорт кешенінде 150-ден аса жаңа жұмыс орны ашылып, 750-ден аса спортышы  (стент ату, садақ ату, оқ ату) спорттық дайындықтан өтуде. ТМД-да теңдесі жоқ бұл спорт кешенінде  спортшылардың дайындық деңгейі жоғары дәрежеде кестеге сай өткізіліп жатқандықтан, Азия чемпионаттарында бүкіл әлемдік олимпияда ойындарында жоғары жетістікке қол жеткізері сөзсіз. 

«Анош» спорт кешенінің көлемі 2429,4 м2 құрайды. Кешенде жаңадан 14 жаңа жұмыс орны ашылып, бір мезгілде 100 ден аса спортшы  шұғылдануға қауқарлы. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 21  сәуірдегі №113 бұйрығына «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес каратэ, бокс, күрес, таэквондо, ушу, дзюдо, ММА, шахмат, спорттық би түрлерімен 708 бала спортпен шұғылдануда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында аталған бағдарлама аясында 380-ге жуық спорттық секциялар ашылып, қала бойынша 7019 бала спорттың 14 түрімен шұғылдануда.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев ұлықталды
«Абдукаримов» мал бордақылау фермасы 300 жылқы, 300 қойды бордақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу