Шымкенттік кәсіпкер энтомофагтар өсіріп табыс табуда
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Талғат Балтабаев және Айжан Наимбекова Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы негізінде атқарылған жұмыстар жайын бақылады. Атап айтқанда, мемлекеттің бағдарламамен бизнес ашып, дөңгелетіп отырған тұрғынның ісімен танысты.
Қала тұрғыны Е.Әділ энтомофагтар өсірумен айналысу үшін қаржы алып, жұмысты бастаған. Себебі бұл сала шетелдік кәсіпорындарға тәуелді болып отыр. Отандық кәсіпкерлер тағы жоқ. Еліміздегі жылыжайлардың дені оңтүстік өңірде болғандықтан, сұраныс жоғары. Кәсіпкердің бастамасы оң нәтиже берген. Өңіріміздегі бірнеше жылыжаймен келісімге келіп, өнімдерін өткізіп жатыр. Айтуынша, сапасы да шетелдік өнімге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сұраныс артып келеді.
Кәсіпкердің қалауы – энтомофаг өсіруге субсидия қарастыру мәселесі. Себебі бұл сала толық зерттелмегендіктен, тек бір түріне ғана субсидия беріледі.
Халық қалаулылары тиісті сала мамандарына мәселені жеткізді. Кәсіпкердің өтініші бойынша энтомофагтың өзге де түрлері зерттеліп, тиісті басқарма тарапынан министрлікке хат жолданатыны айтылды.