«Lux Shoes» ЖШС жылына 120 мың жұп аяқ киім өндіреді
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі ретінде Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Наргиза Керімбаева Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы негізінде атқарылған жұмыстар жайын бақыладыы. Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіп ашып, дөңгелетіп отырған азаматтың жұмысымен танысты.
«СП «Lux Shoes» ЖШС – аяқ киім өндірісімен айналысады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы төменгі пайыздық ставкамен 200 млн теңге кредит алып, жұмысын бастаған. Бүгінде кәсіпкерлік мекеме жылына 120 мың жұп аяқ киім өндіреді. Сапасы жоғары. Таза былғарыдан тігіледі. Сондықтан отандық өнімге деген сұраныс жоғары.
Айта кету керек, фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Яғни салық бойынша жеңілдіктер бар. Өндіріске қажет жарық пен көгілдір отынға да жеңілдік қарастырылған.
Отандық өнімді дамытуды қалайтын кәсіпкерлерге барша мүмкіндік қарастырылуда. Қолда бар мүмкіндік негізінде кәсіп ашып, пайдаға кенеліп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер көбеюде.