Кәсіпорындарға білікті маман ұсыну басты назарда

Oinet.kz 28-10-2021 748

Screenshot_18.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі ретінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбековамен кездесіп, Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстар жайымен танысты. 

Қазіргі уақытта басқарма 5 бағытта жұмысын жемісті жүргізіп келеді. Сандарды сөйлетсек, қаламыздағы жұмыссыздар саны 22 038  адамды құрайды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінде 7 жарым мыңға жуығы тіркелген. Ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 33500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, нақты 9 айдың көрсеткіші бойынша 19 462 адам жұмыспен қамтылған. 

Жастарды жұмыспен қамту шаралары, кәсіпке баулу да жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Оған қыркүйек айында «Арбат» алаңында өткізілген жастарға арналған жұмыс орындарының жәрмеңкесін нақты мысал ретінде айта аламыз. Шараға 50-ден аса кәсіпорын мен мекеме қатысып, 9 мыңға жуық бос жұмыс орындары ұсынылған. Нәтижесінде 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішіндегі жастары саны – 439. Сондай-ақ 121 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алған. Бұдан бөлек, жәрмеңкеде солтүстік өңірге қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде қоныс аударуға 100-ден аса шымкенттік қызығушылық танытып, ниет білдірген. 

Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау бағытында да тың бастамалар көтеріліп, іркіліссіз іс атқарылып келеді. 

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы жемісін беруде
Шымкенттік кәсіпкер энтомофагтар өсіріп табыс табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу