Инвестор тарту ісі жаңдана түскен

Oinet.kz 08-09-2021 634

Screenshot_13.jpg

Бүгінде ел экномикасын дамыту үшін ивестицияны әсіресе өндіріс саласына тарту басты мақсат болып тұр. Бұл орайда Шымкентте жалпы ауданы 718 гектарды құрайтын өнеркәсіптік аймақ тұрақты жұмыс істеп отырғанын тілге тиек етке жөн.

Атап айтқанда олар: «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды, «Оңтүстік» көліклогистикалық және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтары. Аталған аймақтарда 11 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоспар бойынша мұнда 254,2 млрд. теңге сомасында 174 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

–Соның ішінде, бүгінгі таңда 137,5 млрд. теңгеге 112 жоба нақты жүзеге асып, 7,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Бұл аймақтардың инженерлік инфрақұрылымына бюджеттен 17,8 млрд. теңге бөлінген. Яғни, 1 теңге бюджет қаражатына 14 теңге жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде 2010-2020 жылдары кәсіпорындар есебінен бюджетке 28,3 млрд. теңге салық аударымдары жасалынды. Қазіргі таңда индустриалды аймақтардың толымдылығы 90 пайызды құрайды,- дейді қала әімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.

Ал 2021-2022 жылдары жаңадан өнеркәсіптік аймақтар құру жоспары бар. Бұл орайда аумағы 306 гектар болатын «Жұлдыз» индустриалды аймағы бой дамиды. Онда құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар қолға алынады. Бүгінгі таңда инфрақұрылымдық жүйелерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы ашылады. «Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндіріледі және сүт зауыты салынады. Сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін кәсіпорындар құрылады» дейді мамандар.

Қаладағы ауқымды жобалардың бірі – мегаполистің солтүстік бөлігіндегі 427 гектарды алып жатқан «Шымкент Сити» жаңа шағынауданының құрылысы. Оған инженерлік инфрақұрылым толық жүргізіліп қойылды. Жоба аясында 2026 жылға дейін қалаға 432 млрд. теңге көлемінде жеке инвестициялар тартылады. Осы аралықта 300-ге жуық көпқабатты тұрғын үй немесе жалпы ауданы 1,6 млн. шаршы метр болатын 27 500 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұнымен қоса 3600 орындық жеке меншік 3 жалпы білім беретін мектеп, дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі, балабақшалар, емхана, саябақ және көптеген халыққа қызмет көрсету орындары ашылады.

Экономист мамандар инвестиция жалпы елдің экономикалық өсу процесін анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, сайып келгенде халықтың әл-ауқатының артуына оңды әсер етеді. Инвестицияның арқасында Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.

Шетелдік инвестициялардың көмегімен мемлекет экономиканың құрылымын жақсартады, негізгі қорларды жаңартады және кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жарақтандырады. Мамандар мен жұмысшыларды даярлайды, инновациялар енгізеді.

3 жылды 2 мыңнан астам бизнес-жоба іске асты
Шымкентте 654 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу