Шымкентте 654 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі шығады

Oinet.kz 09-09-2021 965

Screenshot_2.jpg

«Қазақстанда жасалған» тауарлық маркасымен тұтынушыға жол тартып отырған тауарлар қатары қалын. Соның ішінде Шымкенттен шығатын өнімнің көлемі артқан. Отандық өнімдердің көлемі ғана емес сапасы да жоғары. Тұтынушы тарапынан сұраныс уақыт өтекн сайын артып, сапасына деген ризашылық төмендеген емес.

Жалпы, Шымкент қаласы – қазіргі таңда республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24-і ірі, 49-ы орта кәсіпорын. Кәсiпорын қызметінің тұрақтылығы, көпсалалы өндiрiске бағытталуы, өндіріс көлемінің өсуі, сондай-ақ, шығарылатын өнім сапасының жоғарылауы және оның бәсекеге қабілеттілігінің жақсаруы, бүгiнгi күндегі талаптарға жауап бере алуы, қала экономикасының өсуiне кепiл боп отыр. Инвестицияның нәтижесінде 30 жылда жеткен табыстар жөнінде тағы айтар болсақ, егемендіктің алғашқы жылдары қала бюджетінің көлемі 1 млрд. теңгемен толса, бүгінде 450 млрд. теңгеден асып отыр. Өнеркәсіп өнімі 10 млрд. теңге көлемінде өндірілсе, қазіргі таңда 654 млрд теңгенің өнімі шығарылуда. Республика бойынша мақта майының - 96,1 пайызы, дайын шыныдан жасалған бұйымдардың – 67 пайызы, бензиннің – 49 пайызы, дизель отынының – 30,2 пайызы, цемент клинкерлерінің – 30,9 пайызы, портландцементтің - 29,5 пайызы, дәрілік препараттардың – 41,4 пайызы, қайта өңделген шай және кофенің – 22 пайызы, макарон өнімдерінің – 19,6 пайызы және көміртегі диоксидінің 66,5 пайызы Шымкентте өндіріледі.

Инвестицияны көптеп тартудың арқасында дамуға қол жеткізген тағы бір сала – ауыл шаруашылығы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шаруалар 442 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірсе, бүгінде агроөнеркәсіп кешенінің өндіріс көлемі 36 млрд. теңгеден артты.

Инвестор тарту ісі жаңдана түскен
Тәулігіне 3 тонна кәмпит пен 3 тонна сағыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу