Ұлттық банк ескертуі: Ақшаңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін

Oinet.kz 28-01-2021 11721

Ұлттық банк осы жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру уақытының аяқталатынын айтты. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

ақпарат.jpg

Аталған банкноттар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып ауыстырып алу керек. 2021 жылдың 1 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге дейін уақытыңыз бар.

Ал 2 ақпаннан бастап бұл банкноттар Қазақстан Республикасында толығымен қолданыстан шығады.

Еске салайық, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұранысты Алматы (23,6%), Нұр-Сұлтан (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысының (8,5%) тұрғындары білдірген.

Бұған дейін Ұлттық банк банкноттарды қабылдау мерзімі 2021 жылғы 1 ақпанға дейін ұзартылғаны туралы хабарлаған болатын.

Елулікке жақындап қалдық
Мемлекеттік грант арқылы кәсібін дөңгелетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу