Мемлекеттік грант арқылы кәсібін дөңгелетуде

Oinet.kz 07-07-2021 2165

Мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлік дамығанда ғана халықтың тұрмысы жақсарады. Мемлекеттік экономикалық қуаты артады. Кәсіпкерлік нысандары азаматтарды жұмыспен қамтып, бюджетке салық төлейді. Сондықтан да мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға қолдау көрсетілуде. 

Screenshot_2.jpg

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар жетерлік. Мысалы өткен жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Соның бірі- Шымкент қаласының тұрғыны Рахат Мамбекова. Ол былтыр 21 күндік «Бастау бизнес» жобасы аясында оқу курсын аяқтап, сертификатқа ие болған.

Кейін Рахат  «Тігін ісі» бойынша комиссияға өз жобасын ұсынып,   нәтижесінде 555 650 тг көлемінде грантқа қол жеткізді. Қазір ол қаражатқа керекті құрал-жабдықтарын алып, қазақи нақыштағы түрлі кимешек, комзол тігіп сатылымға шығарып отыр. Қазіргі таңда тауарлары  көп сұранысқа ие.

Айта кетейік, өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында  2820 адам оқыды.  Ал биылдың өзінде осы жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды. Сонымен қоса,  1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

Ұлттық банк ескертуі: Ақшаңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін
Көпбалалы ана құрақ көрпемен несібесін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу