«Менің балаларыма да тиіседі деп қорқам»: Қайнысы өгей қызын зорламақ болған келіншек көмек сұрады

Oinet.kz 12-05-2025 516

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева желідегі парақшасында өзіне келген хаттардың бірімен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Хат иесінің айтуынша, дін жолында жүрген қайнысы өгей қызын зорлауға талпынғаны үшін, істі болған. Келіншек қайнысы босап шықса, өз балаларына да қауіп төне ме деп қорқады. 

"Қайырлы күн! Менің қайным намазхан еді, өзі секілді орамалды қызды алды, ажырасқан 1 қызы бар. Қайнымыз сол келіннің артынан келген қызын зорламақ болып, неше түрлі нәрсе жасап жүр екен. Енді істі болып жатыр. Бақытына қарай, қызды зорлап үлгермепті.

Күйеуім бауырларымен бірігіп, соны қорғап алмақ болып жүгіріп жүр. Бұл істері қаншалықты дұрыс? Оны құрметтеп, апта сайын тамақ, суын, керегін жеткізіп жүр бұлар! Босап шықса, менің балаларыма да тиеді ма деп қорқып отырмын!", - деп жазды оқырман.

Күйеуім жұрттың әйелдері ештеңе болмай-ақ туып жатыр ғой дейді
«Қалай әділдікке жетсем болады?»: Бұрынғы күйеуі соққыға жыққан келіншек көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу