«Өте бақыттымын»: Көп балалы ана «қыз болмай келгенін» бетіне басқан күйеуін қуып шыққан
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваға бала күнінде жездесі, бойжеткен шағында сенген жігіті зәбір көрсеткен көп балалы ана хат жазған, деп хабарлайды, Oinet.kz тілшісі.
Жазба иесінің айтуынша, еркектерге әбден сенуден қалған ол үйленуге ұсыныс білдірген жігіттерден қашып жүрген.
"Менің балалық шағым өте жақсы болды. Ата-анам өте жақсы жандар. Сағынып еске аламыз балалық шағымызды. Бірақ менде ешкімге айтпай қалған сырым бар. Неге екенін білмеймін ешкімше айта алмадым. Кішкентай болдым ол кезде.
Әкемнің қарындасының үйңне жазғы демалысқа жіберетін баласын ойнатсын деп. Сол кезде әпкенің күйеуі түнде келіп тиісетін. Ешкімге айта алмадым. Өскеннен кейін жақындамай қашып жүрді. Мектеп бітіріп оқуға түстім. Сырласатын құрбыларым болды, оларға да айтпадым. "Қыз болып күйеуге пәк болып тию керек, әйтпесе қайтадан үйіне әкеліп тастайда екен қыз болмаса" деген өсектер кететін. Сол кезде мен ойланатынмын "Мен қызбын ба?" деп. Қыз-қыз емес екенімді білмейтінмін. Өйткені кішкентай кезімдегі оқиға есімде. Содан қорқатынмын. Мүмкін қыз болмасам масқара болам деп қатты қорқып, ойланып жүрдім.
Жігіттер сөз салып, қырыңдап артымнан жүгіретін. Бірақ мен қорқатынмын. "Үйленеміз" десе, сразу араласпай, ұрыс шығарып тастап кететінмін. Қыз болмай қалып тағы масқара болармын деп. Сонда гинекологқа барсам болады ғой "тексеріп беріңізші" деп. Соған миым жетпегеніне әлі жыным шығады. Сумаңдап, жылтыңдап қалған бір жігіт бар еді. Не болса, ол болсын "мен қыз емеспін" дей салдым. Соны естіген жігіт "Үйленем. Алам сені" деп қалмай қойды. Содан қыз болып шықтым. Бірақ ол жігітті көрмедім сол күннен кейін.
Енді қыз емес екеніме точно көзім жетті. Көңілім орнында болмай, қанша күн жылап, уайымдап жүрдім. Содан "қыз емеспін мен" дейтін подруглаар тауып алдым. Күнде кайфуша: кафе, қыдыру. Оқуға да кешігіп, ұйықтап қалып барып жүрдім".
Сондай күндердің бірінде қазіргі күйеуімен танысқан.
"Бір күні күйеуіммен таныстым. Кафеден туған күннен шыққан соң "Қарындас, жігітіңіз бар ма? Телефон нөмір беріңізші. Күйеуге шыққансыз ба?" деп танысып бастады. "Жігітім жоқ, күйеуге шығатын жігіт таппай жүрмін. Мені аласың ба?" деп ойнап айта салдым. Содан сөйлесіп, күшті танысып жүрдік. Бірақ екеуміз қыз-жігіт болып жүрмесек те, әркімнен қызғаныпқалатын. Сосын айттым "бір жігітке алданып қалдым" деп. Кішкентай кезімдегіні айтпадым. "Мені алатын болсаң ғана аралас, болмаса жжолың ашық жақындама" дедім. "Жоқ, үйленемін" деді де, 1 аптаның ішінде той жасап жіберді.
Күшті өмір басталды. Уайым бәрі артта қалды. Бастысы күйеуге шықтым, ата-анам ұятқа қалмайтын болды деп мәзбін. 2-3 балалы болған соң бастады. "Сен ж**епсің, мені менсінбейсің" деп миды ашыта бастады арасында бетіме басып. Үндемей жүре бердім. Ішіп алып айтты ғой, мас қой деп. Бесіншімді туып келгенде тағы айтты сол сөзін. Ұйқым деген быт-шыт болып, таң азанымен оятып алдым да: "Кет, жолың ашық! Мен саған қызбын, пәкпін деп тиген жоқпын. Бәрін айтып барып тидім. Мені алғаныңа өкініп, міндет қылуды шығарып, қыздарды аңсап жүрген шығарсың, қыз емес қатын алдым деп. Жоғал! Кет!" деп айқайға салдым. Содан кейін айтпайтын болды. Бірақ өте қығаншық еді. Ол әдетінде жайлап қойып, бұрынғышынша әдемі өмір сүріп жатырмыз. Өте бақыттымын"
Алайда бала күнгі көрген қорлық, өз нәтижесін бермей қоймаған. Себебі, әлі күнге дейін үйіне қонақ келсе балаларын жанына алып жатады екен.
"Бірақ менде үлкен қорқыныш қалып қойғаны соншалық, үйге қонаққа ер адам келсе, бүкіл балаларымды жинап алып, жанымда алып жатамын. Үлкен ұлым бөлек жатады өз бөлмесінде. Соның өзіне ұйықтамай таң атқанша қарап жүремін. Даже туыстарыма жібермеймін. Өзіммен барып, өзіммен ертіп келемін. Кейде мама айтады "Қалдырсай, демалыс қой балалармен ойнасын" деп. Сонда да қалдырмаймын. "Мама, қалайыншы 1-2 күнге" десе де, тастамай жылатп үйге өзіммен ертіп келемін. Қатты қорқамын менің өмірімді қайталап қала ма деп. Сол себепті үйде бөлме көп болса да, қонаққа ер адам келіп қалса, балаларымның бәрін жинап, жаныма алып жатамын. Күйеуім "Жіберсей бөлмелеріне" дейді кейде. "Қойшы, жата берсін" деп өзімдікін дұрыс қылып, жаныммда алып жатамын".
Жазба соңында келіншек, осы күніне де тәубә ететінін жазыпты.
"Кішкентай кезімде мамалар мені әпкемнің үйіне жібермегенде, өмірім басқаша болар ма еді? Қазіргі өміріме де шүкір! Құдайға мың алғыс!
Қаншама қыздар "Менің жігітіме жақындама" деп бетіме келді. Бірақ күйеуім ұнайтын. "Мені алмайды ғой, қыз емеспін. Қаншама қыздар артынан жүгіріп жүр" деп ойлайтынмын. "Жоқ, сені алам. Үйленеміз" деп аптада үйленіп кеттік. Қазір соны еске алып, кейде айтам ғой "Сол қызды неге алмадың? Менің шашымды жұлуға келген қызды?" деп. "Е-ей ол қатын болып жарытпайды, оған үйленгенде ажырасып кететін едім әлдеқашан" дейді.
Қаншама қиын күндер болды. Нанға тиын таппай, аш қалған күніміз де болды. Көшпеген квартирамыз қалмады. Хозяйка "Келе жатырмын" десе, -
баламызды жасырып қойып... Ол күндер де артта қалды. Есімде жоқ неше квартираны тазалап, әктеп арендаға алғанымыз. Өз армандаған үйімізді алдық.
"Баламды дуалап тиіп алдың, әжептеуір қызы бар еді таныстырып қойған. Сені көріп миы айналып қалды" деп, масқара, мені дуакеш деп өсектеген енеміз. Әлі күнге дейін айтады ғой "басын айналдырып тиіп алған" деп. Күйеуім айтады "Сен тек шын сөйлейсің, өтірік айтпайсың. Сол үшін жақсы көрем сені" дейді. Кейде айтады "Сені жолықтырмасам да, басқа қызға жолыққанда, мүмкін ол қызбын деп мені алдап тиіп алар ма еді" деп.
Құдайға шүкір, күйеуімнің бір артық қылтың-сылтың қадамы жоқ. Өте еңбекқор. Төркінім менен гөрі, күйеуімді сыйлап жақсы көреді", - деп жазды ол.