Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
18 жасымда ерте тұрмысқа шықтым. Өзім оңтүстіктің қызымын. Жолдасым көрші ауылдан. Күйемім менің əке шешем таңдап берген жағдайы бар адам. Амалсыздан көніп тұрмыс құруыма тура келді.
Үйленіп үй болғанан кейін жолдасым туралы көбірек білдім. Менің қойдай момын жуас мінезімді пайдаланып мінез көрсетуін бастады. Енемде бір көргенен мені жақтырмады. Барлығы содан басталды. Күйеуімнің жүріс жүретінін əдеті бар. Қанша рет ұсталынып қалса да, менің аузымды ашқызбай шап беріп сөйлеткізбейтін. Қанша айтсам да ол жаман əдетін қоймады.
Мен оның дөрекі мінезіне қарамастан сабырлы болуға тырыстым. Тұрмыс құрып бір жылдан кейін мен қыз босандым. Үйде отырып қалдым. Кейін жолдасым Астана қаласына көшуді жөн көрді. Бұрынан жиған терген ақшасына жер сатып алып үй тұрғызды. Уақытша жалдаған пəтерден көшіп Астана қаласының шетінде орналасқан үйімізге көштік. Аман есен қызым 1 жасқа да келді. Енемде бізбен бірге тұратын. Жолдасым жүріс жүргенен тыс анасының айтқанынан шыға алмай, маған себепсізден себепсіз қол көтеретін.
Қысқаша айтарым екеуміз 10 жылдай бірге тұрдық. Мен үш рет қыз туып берсемде, мені адам ретінде көрмейтін. Күйеуімнің айғайынан қыздарымда қорқатын. Ол жоқта үлкен қызым сұрайтын.
"Мама, папа неге сені ұра береді" деп.
Менің жылағанымды көріп қыздарым келіп жұбататын. Шынымды айтсам қыздарым үшін ғана шыдадым. Онымен қоса енемде ұрысатын. Тілдейтін неше түрліні айтып. Көрмеген көрешегім қалмады десе де болады. Соңғы жылдары мені аямай ұрған кездерде болды. Тіпті үйге қонбай қалған кездері де жиі қайталанатын. Менің басыма кəдімгідей мінді. Енемнен де шаршап, күйеуімненде жылулық күтпеген мен. Кетудің жолын іздедім.
Өмірі əке шешеме айтпағанмын. Олар өйткені менің сөзімді сөйлемейтін. Күйеуім əке шешемнің көзінше мысық кейіпіне айналып керемет болып көрінуге тырысатын. Барлығы соны керемет санайтын. Өмірі үйден кетем депте айтпағанмын. Солай күйеуім жұмысқа кеткенде, мен өз өмірім жайында ғаламтор желісіне жасырын түрде жариялаған болатынмын. Мейірімді жан ашыр адамдар пікір қалдырып өз кеңестерін жазды.
"Кет ондай күйеуден, не қыласың шыдап, өзіңді аясай, қыздарыңа керексің" дегендей пікір кеңестер келді.
Мен солардың біреуіне жекеге жаздым. Жауап берді. Өзі менен бір неше жасқа кіші келіншек екенін біліп. Кеңестер сұрадым. Қолынан келгенше демеу беріп, менің барлық сөздерімді тыңдады. Бірақ ажырасып кет деп айтқан жоқ. Арада бір жыл өтпей, күйеуімнің аяусыз соққысына шыдамай, үш қызымды алып кетіп қалғанмын. Күйеуім мүлде хабарласқан жоқ, артымнан іздегенде жоқ. Далада қалмасам екен деп жүрген кезде. Бір бейтаныс əйел маған қол ұшын берген.
Жалпы айтқанда 11 жыл күйеуімнен қорлық көрдім. Толық ажырасуға шешім қабылдадым. Ол кезде үлкен қызым 10 жаста еді. Ортаңғысы 7 де болатын. Кішкентайы 3 тен асқан. Аралары үш жас.
Бейтаныс əйел мені аяп өз үйіне қондырды. Қол ұшын берген əйел менен кіші. Өзі қайырылымдылық қорымен айналысады. Есімі Əльфия. Қазір ол менің жақын құрбым. Оның тұрмыс құрғанына ұзақ болмаған. Ол мені тауып алған себебі де көп. Үш ай үйінде тұрдым. Маған да қыздарыма да жылы жүзбен қарап, бар көмегін көрсетті. Мен ешқашан ұмытпаймын ол құрбымның жақсылығын. Онымен ғаламтор желісі арқылы танысқанбыз. Онымен қоса жолдасы да кіріскен жоқ бізге. Шаруасы мүлде болмайтын.
Сол үш айдың ішінде мен бөлек пəтер тауып жұмысқа орналастым. Пəтер болғанда шағын жатақхана. Бағасы да қол жетімді. Кішкентай қызымды балабақшаға бердім. Екі қызымды мектепке орналастырдым. Əльфия құрбым көмектесуін тоқтатқан жоқ. Бір емес басқа да жақын құрбыларым пайда болды, Əльфия арқылы таныстым. Жұмысымнан алған жалақым пəтер ақысы мен азық түліктен артылмайтын. Аяушылық танытқан адамдар шамалы болса да көмегін тигізіп, қыздарыма мектепке киетін киімдерін алып берген.
Ажырасқан əйел деген атқа ие болып жүргенімде таныс құрбым туған ағасын ұсынды. Ол да мені алыстан көріп ұнаттынтын. Өзімді бір керемет сұлумын деп айта алмаймын. Бар болғаны момын мінезім себеп болатын, адамдармен тез тіл табысып кететін. Бірде құрбым мені көндіріп ағысымен кездестірді. Мен жайында білетін. Сол уақытта оның уəдесін естіп мүмкіндік берген болатынмын. Аузы күйген үрлеп ішер дегендей. Менде екінші қайта тұрмыс құруға ойым болмады. Бірақ ол жігіт шектен тыс шықпай сыпайы болды.
Əрі ойланып бері ойланып жүргенімде. Мен ол жігітке тұрмысқа шықтым. Соңымнан қалмай жүрді. Қазір отбасы болғанымызға 4 жылдан асты.
Алғашқы жылдары өзім үшін емес қыздарым үшін қорқатын болдым. Үлкен қызым 15 те. Онымен жеке ашық түрде сөйлесемін. Əйтеуір өгей əкесіне деген ешқандай шағымы жоқ. Үш қыздың үшеуі де бауыр басқан. Өгей болса да өз əкесіндей көреді. Қолымнан келгенше қыздарымды еркелетпесемде, қазіргі жолдасым мен жоқта құтыртып жібереді, қыздарымның айтқан нəрсесін алып беріп.
Үй болған соң арамызда ұрысып келіспеушілік болады. Қыздарыма ұрысқан күні, жолдасым қыздарыма болысып шыға келеді. Сол сəттен бастап көзім жеткен қандай екенін. Қазіргі күйеуімде жеке басында пəтері болмаса да мінезге бай.
Осыған дейін қиналып жүргенде қол ұшын беріп аяушылық танытқан жандарға алғысым көп. Жəне тағы айтарым. Келіп кетер байлық үшін отбасы құру емес маңыздысы.
Психолог Жарқанаттың хатынан
Психологтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85