Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен өмірімде үш рет зорланғанмын. Бұрын жасыратынмын. Қазір жақын таныстарым біледі бұл оқиғамды. Жарақат емделгенмен, тыртық орыны қалып қояды. Қателік өзімненде бар. Жігіттердің көз назарына түсіп қалатын сұлумын. Қазір тұрмыстамын.
Мектеп оқыған шағымда, үйдің ішінде үлкен ұрыс-керіс болды. Мен қорыққанан далаға шығып кеттім. Əкем анамды аямай ұрғанда, мен қатты қорықып қашып кеткенмін үйден. Үстімде жеңіл-желпі киімім, сол күні үйге қонбаймын деп далада түнеп жүріп қалдым. Мен əкемнен қорқатынмын. Қараңғы түнде қайда барарымды білмей жүрдім. Сол түні бір бейтаныс адам мені бұзылған үйдің ішіне алдап шақырған. Кейін ол өз ісін бастады. Мен қорыққанан ол адамнан қашып құтыла алмадым. Əйтеуір үйге қалай жеткенімді білмей, əрең дегенде бардым. Сол түңгі оқиғадан кейін жүректегі үрейім күшейді. Мен жасқанып қалғанмын. Əкем айғаласа болды, аяқ қолым дірілдеп қалатын. Сөйлеуге де шамам болмайтын. Анам болса менімен көп сөйлеспейтін. Ер адамдарды көрсем тілім байланып қашқақтайтынмын. Үлкен ағаларым қонаққа келгенде бетімнен сүйгенде мендегі қорқыныш қайта оянатын. Ол кезде жасым 14 те еді.
Осы жағдай екінші рет болғанда. Мен асылып өлгім келген. Өйткені менде ашылып сөйлесетін адам болмады. Мендегі қорқақтық мені тығырыққа тірейтін. Анам мен əкем отбасы деген аты болмаса, олар бір біріне деген құрметі болмайтын.
Анам бір себептен үш күнге ұзақ жолға сапарға аттанды. Ақша табу үшін. Əкем өзі жалғыз үйде қалса ішімдік ұрттайтын. Сол күні əкемнің достары үйге келді. Мен өз бөлмеме тығылып қалсамда, əкем айғайлап шақырып алды. Достары мені көріп ішімдікке тойған мастығымен жаман көзбен қарады. Екі-үш сағаттан кейін барлығы ұйықтап қалғанда бөлмеме қайта кіріп кеттім. Сол түні біреуі қайта оянып, мені қатты қысып құшақтай бастады. Аузынан мүңкіген арақтың иісімен мойнымнан сүйіп тоқтамады. Менде айғайлауға да шамам болмады. Ол маскүнем ауыр салмағымен маған қозғалуға мұрша бермеді. Менің жылағаныма қарамастан өз нəпсісіне ерік беріп ісін тындырды. Сол түнен кейін өз өзімнен жиеркенгенім соншалықты, өзіме қол жұмсағым келді. 15 жаста едім.
10-шы сынып оқып жүргенде əке шешем ажырасты. Анам көп ұзамай басқа біреуге тұрмысқа шықты. Анам əкемнен бөлек кетіп, менде анамен бірге кеттім. Əкеме деген менде сағыныш болмады. Анамда маған көңіл бөлмейтін. Бірақ əкемнің анасы яғни əжемен байланысым жақсы еді. Бір күні анам жоқта өгей əкем тиісуін бастады. Менің жасқаншақ мінезімді бірден біліп мені өз қолымен ұстайтын. Барлығы содан басталды. Арада екі ай өтпей, өгей əкем анамның жоқтығын пайдаланып зорлады. Мен қорыққақан қарсыластық танытпадым. Келесі күні өзімді керексіз сезініп, үйден бөлек кетуді шештім. Анам мені тыңдағысы да келмейтін, еш шағымымды айталмаған себепте содан. Көңілім қалғаны соншалықты, 11 ші сыныпты əжемнің үйінен оқыдым.
17 жасқа келгенде əжемнің үйінде тұратын болдым. Əкемнің туған інісі болатын, солда бізбен бірге тұратын. Əке шешемнің бөлек кеткеніне қарамастан əжем мені жақсы көретін. Мен ол үйде əкемнің інісінен екі айдай үйрене алмай қорқып жүрдім. Əкемді арасында ғана көретінмін. Анамен кейбір кезде ғана хабарласып тұрдым. Əке шешем менен алыстай бастады.
Əкемнің інісі есімі Қали. Жасы отыздан асқан. Бұрын үйленіп əйелі қайтыс болғасын, екінші рет қайта үйленбеді. Көбінесе иттерді асыраумен əуес болатын. Жəне бос уақытында үйдің алдында жаттығу жасайтын.
Менің қорқақ жəне жасқаншақ мінезімді əжем емес, Қали ағам аңғарды. Мен ол ағамнан қашқақтай бергесін, ол менің қылықтарымды түсінбей менімен жақсы араласуын тоқтатпады. Менің ойымша еркектердін барлығы бір деп ойласамда. Санаулы ғана ер адамдар жақсы екенін білдім. Өйткені екі ай бойы маған тиіспей, мені адам ретінде санады. Қали ағам жаттығу залын жалға алып, сол арқыры ақша табатын. Кешке үйдің алдында иттерге уақыт бөлетін. Атамнан қалған кең үйде мен сəл болса да еркіндік сезіндім. Оянып үйдің алдына шықсам болды, Қали ағамның асырап алған иттері құйрықтарын жылмандатып алдымнан атып шығатын. Иттерге деген аяушылық оянып менде бұрыңғы қорлығымды ұмытуға тырыстым.
Негізі еркек атауынан жиіркеніп қалғанмын. Бір күні Қали ағам менің шошынып қалғанымды көріп, мен түпкі бөлмеде өзім жалғыз отырғанда қасыма келіп əңгімелескен. Содан кейін қорқынышым сəл басылған еді.
Сол жылы мектеп бітіргесін, ешқандай оқуға түспей Қали ағамның қасына жұмысқа орналастым. Жаттығу залында əшейін келіп кеткен адамдарды қадағалаумен отырамын. Соны пайдаланып менде өзіме қарап жаттығу жасауды бастағанмын. Бірақ 10 жылдай менде тұрмыс құруға деген ниетім болмады. Қанша жерден жігіттер үйленуге деген ұсыныс жасада, мен бас тартатынмын. Соңымнан қалмай жүрген жігіттерде болды. Бірақ мен үшін тапқан табысым маңызды болатын. Өйткені өзіме жеткілікті болғасын, жігіттер жайында ойламайтынмын. Көбінесе жігіттер үшін менің сыртқы келбетім маңызды болғасын, мендегі қорқыныш қалып қойған.
Мүлде тұрмысқа шықпаймын деп жүрген мен. Əйтеуір бір жігіт соңымнан 5 жылдай қалмай жүрді. Ол жігіт менің болашақ жарым екенін білмегенмін. Қали ағамның көмегі себеп болып, менде бетке айту мінезде пайда болды. Ішкі қорқыныш кетпесе де, сыртымнан батыл қыз болуға тырыстым. Əлгі жігіт есімі Сəбит. Оны мен қаншама рет бетін қайтарсамда, менің соңымнан қалмауға тырысты. Ұзын сөздің қысқасы жасым отызға тақағанда 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Қыз болмасамда Сəбит мені жар етіп алды. Қазір екі жыл болды бірге тұрып жатқанымызға. Күйеуім осы оқиғаны кейін білді.
Басымнан қанша қайғы қасірет өтсе де. Əке шешемнің қателігін қайталағым келмейді. Алдағы уақытта жақсы ана болсам деп армандаймын. Соңына дейін оқығандарыңызға рахмет.
Психолог Жарқанаттың хатынан