Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға әлі есімнен кетпейді. Ол кезде үлкен қызымның жасы 4-те еді. Əйелімнің бауырларының ұл қыздары да жазғы демалыста біздің шаңырақта өткізетін. Əлі күнге дейін қызым үшін ең керемет əке деген атқа иемін.
Қызыммен оңаша қалғанда барлығын сұраймын. Ол да сенім артып бүкіл сырын ақтарады. Көбінесе ұрыспауға тырысамын. Қызым қателік жасаған сəтте, ақылға келіп айтамын. Не үшін жасадың деп.
Ылғи мені көргенде мəз болып қарсы алатын қызым. Бір күні үндемей қалғанын көріп, не болғанын сұрап білгенде. Біреу тиіскенін білдім. Қайын апамның кіші ұлы мен жоқта қорқытатын біліп, жанжал шығардым. Менің сөзімді ешкім қолдамасада, мінезімді көрсеттім. Бір емес бір неше рет тиіскен екен. Жəне боқ ауыз сөздермен балағаттаған. Кейін білдім толық не айтылғанын. "Менің айтқанымды істемесең ұрамын, деп қорқытқан. Жəне бір жеріңді шығарамын деген шешеден боқтағанын да білдім. Өзі мойындады осының бəрін.
Оның жасы қызымнан 5 жасқа үлкен. Менің көзімше жымиып дым болмағандай жүретін. Оның əке шешесі мені жақтырмай, ұлын əкелмейтін болды. Оларменде қырылысып алдым.
Соңғы рет олар жайында естігенім бар. Ұлы өсіп, өз туған қарындасын зорлағысы келген. Оны шешесі естіп масқара болған. Туысқандар арасында əңгіме тез таралады. Өздері мəпелеп өсірген ұлдары ұятқа қалдырған.
Жарқанаттың сөзі.
Қысқаша айтарым. Бұл оқиғаны бір бейтаныс адамнан естіп, өз тəжірибемен сіздермен бөліскім келеді. Құрметті ата аналар. Қолдан келгенше ұл қыздарыңызбен жақын сөйлесіп үйреніңіздер. Өзім еркек болсамда, ұлыма сəл қаталдаумын. Бірақ қызымды ұрмақ түгіл саусағымның ұшында тигізбегенмін.
Қол сілтеп қалдыруға болмайды. Мен қаламаймын, қазақ қыздарының қорлық көргенін. Олар болашақ аналар.
Қызды емес, ұлды 40 үйден тыйю керек секілді.
Педофилдердің пайда болу себептері көп. Олардың бірі тектілік сақтамағанан. Əкесі не шешесі зинақорлық жасағанан да болады.
Есектен есек туады. Тектіден текті туады.
Шын жүректен сіздерге отбасы тыныштығын тілеймін.