Дем салдырам деп барған молда арам ойлы кісі болып шықты

Oinet.kz 05-08-2024 1143

Сәлеметсіз бе! Менің жалпы өмірімде зорлық болмаған. Бірақ бір оқиға есімнен кетпейді. Мен мектептен қайтатын кезде автобусқа отырғанмын. Жаныма жасы үлкен, 70-тен асқан ата отырды. Ол маған тесіліп қарап "Саған үлкені ұнай ма? кішісі ме?" деді. Мен не екенін түсінбей қалдым.

Screenshot_3.jpg

(сурет ашық интернет көзінен алынды, материалға қатысы жоқ)

"Сосын сен мына сияқты кішкентайларға қызығып жүрсің бе? Мен саған зор етіп үлкенімен істеп берейін. Жас балдардікі не ол мен сияқтылармен опыт жинамайсың ба?" деген сияқты неше түрлі нәрселер айтты

Жанымда үлкен апайлар, ұлдар болды. Бірақ бәрі маған күліп отырды. Ешкім "сен мектеп оқушысына не айтып отырсың?" деген жоқ. Әйтпесе менің үстімде мектеп формасы. Сөйлей алмай қысылып қалдым. Автобустан жүгіріп шығып қатты жыладым. Бұл бірінші жағдай. Анам мен көп ауыра берген соң "молдаға апарып, 3 күн дем салдырайық" деп молдаға алып барды. Ол да жасы үлкен кісі. Бірінші күні жай дем салды. Екінші күні "бойыңдағы ауыртпалықты алам" деп денемді, көкірегімді, астымды ұстады. И маған "жүрші ана бөлмеге денеңді қара зат бар соны алайын" деді. Мен "бармаймын" деп шығып кеттім. Ол кісіге де ештене айта алмадым. 2 жағдайды да анама айтқанмын. Анам "ой, қақпас жасына қарамай" деді де қоя салды. Ол кісіге барып аузын да ашпады. Сол кезде анам мені қорғаса екен, бір нәрсе айтса екен дегенмін. Осы жасқаншақтығымнан ортағажа көп қосыла алмаймын. Жалпы анамда әкемде мені ешқашан жақтаған кісілер емес.Жалпы балаға кішкентайынан сенімділік беріп қолдап өсірейікші. Сосын ата аналарға кішкентайғой деп баланың қасында болмаңыздаршы. Балдармен ойнап жүр деп кешке диин іздемей үйде отырмаңыздаршы. Бізді ата анамыз іздеген емес ойнағанда сол кезде бір қыздар бір бірімен мама папа болып бірге ойнағандарын өзім көзіммен көргенмін.

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Анамыз біздің көзімізше басқа еркектермен сөйлеседі
Сап-сау әкемді мен өлтірдім бе? Нағашы әжем солай дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу