Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсізер ме, құрметті оқырмандар, құрбылар, әпкелер! Әңгімемді неден бастарымды да білмей отырмын. Бірақ ақыл-кеңестеріңіз қажет.
Өзіміз үйде 6 ағайындымыз. Ауылда тұрамыз, өзім қалада оқимын, жасым 22-де. Мендегі мәселе тұрмысқа шығу боп тұр. Өзімнің сүйген жігітіме тұрмысқа шықсам деп армандаушы едім, бірақ жағдай басқаша.
Менің туған әпкем тұрмысқа шыққан еді, жездем де, оның үй-іші де тамаша адамдар. Әпкем босанғаннан кейін аяқ астынан қайтыс болып кетті, қызы аман қалды. Неден қайтыс болғанын түсіне алмай қойдық, денсаулығында еш кінарат жоқ еді, дәрігерлердің салғырттығынан деп ойладық.
Әпкемнің қызын кішкентайынан құдашам екеуміз қарадық, қазір кішкентай балапан 1 жастан асты. Ол мені "мама" дейді, маған үйреніп қалған.
Ендігі мәселе, жездемнің ата-анасы маған келіп жездеме тұрмысқа шыққанымды сұрап жүр. Кішкентай қызға ана керек, жездеңе тұрмысқа шық дейді. Жездем де менің жауабымды күтіп жүр. Бірақ мен жездемді құрметтеймін, ағамдай көремін. Ұят сияқты, оның үстіне ауылдағылар не ойлайды, мен бұрыннан жездеммен жүреді екен десеші?
Жездемдер қалада бақуатты тұрады. Не істерімді білмей жүрмін, ойым шашыраңқы. Ол кісіге тұрмысқа шықпаймын деп үзілді-кесілді келісімімді бермесем, қызын аяймын, басқа әйелге үйрене алар ма екен? Бір жағынан әпкемнін күйеуіне қалай тұрмысқа шығамын?
Осындағы үлкен әпке-жеңгелер, түсіністікпен қарап, ақыл қосыңыздаршы. Өтініш, артық әңгіме керек емес.
Аноним,
Алаш айнасы