Інімнің эпилепсиямен ауырып қалғанына менің қарғысым әсер етті ме деп ойлаймын

Oinet.kz 10-08-2024 3687

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның инстаграм парақшасына бір үйдің жалғыз қызы басынан өткен қиындықтарын жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

"Үйде 3 ағам, інім бар.Жалғыз қызбын. Әкем ағаларыма менің көзімше "іш киіммен жүрмеңдер, бөлмесіне рұқсатсыз кірмеңдер" деп әрдайым ұрсатын.

Екінші ағам кішкентайымда жанымнан қалмайтын, мен жатсам мені құшақтап, сүйіп. Мен оны тек ағалық мейірім ретінде қабылдадым. Бір күні ол маған "жүр ойнаймыз бірдеңе көрсетем" деді. Інім менімен барамын деп еді, оны алдап тастап кетті. Огородта ескі газель болатын соған кіргізіп, маған "сымыңды шеш" деп мүшесін тығатын. Мен оны мүлдем түсінбедім 6-7 жаста болғасын. Еміс-еміс есімде қалыпты. Бірақ бұны ұмыта алмайтынмын. Бір күні жаныма жатып өзінің мүшесін др***ть етті. "Бұны маған мектепте апай үйретті, сен де істе" деп бірақ мен істемей қойдым. Бұл нәрселер өткен соң 12-13 жасымда ұйықтап жатсам, келіп денемді ұстап, уқалайтын болды мен көзімді ашуға қорқатынмын.

Осылай 4-5 рет жалғасқан соң бір күні оянып, "не істеп жатырсың?" деп айғайласам, "зарядкам қайда?" деп тупить етіп өзімді жынды қылып кетті. Бірақ бұл нәрсе тоқтаған жоқ.

Мен оны жек көретінмін, мамама айтуға қорқатынмын. Бірақ әбден ес жиған соң мамама айттым "шыдай алмаймын көмектесші" деп. Ал ол болса өтірік жынды болып, білмегенсіп түр жасады. Үшінші ағама мені айдап салыпты, не деп айтканын білмеймін. Үшінші ағам маған "ұятсыз" деп ұрсуды шығарды.

Мамам тек ұрсып қойды. Папама айтпады, себебі папам мені қатты жақсы көретін, оны өлтіріп қояды деп ештене демеді. Екінші ағам даже мені ұратын, ұрсатын қатыны ұқсатып.

Қазір тұрмыстамын. Тұрмысқа шыққанда ең басында есіме түсіп жылайтынмын қатынас үстінде. Күйеуім мені түсінетін "кешірші" деп. Қаншама уақыт өтсе де оны көрген сайын осы нәрсе есіме түседі. Жек көрем сонда да кешірдім деп қоя берем. Ол үйленіп ажырасты, қазір эпилепсиямен ауырады. Менің қарғысымнан ба деп ойлап жаным ашып, оны кешірдім деп айтамын (шын мәнінде жүрегім қарсы айырылып жатса да)", - деп жазды ол. 

Басымыздан өткеннің бәріне ата-анамыз кінәлі
Туған қайныма баламды бекер беріппін, қатты өкінемін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу