Ұялшақ жігітті өзіме қарата алмай жүрмін

Oinet.kz 01-08-2024 1851

Жасым 19 да. Ұлтым украиндық. Əке-шешем мені асырап алған. Яғни асыранды қызбын.

 Screenshot_5.jpg

Анамның бұрынан араласып жүрген жан құрбысы бар. Олар бізге туысқан секілді болып қалған. Қонақ шақырсақ анамның құрбысының отбасын бірінші шақырамыз. Оларда бізді солай сый құрметпен күтеді. Үйімізде жақын бір көшеде орналасқан. 

Анамның құрбысының есімі Рая. Рая апайдың үйіне қысылмай еркін түрде барамын. Рая апайдың балалары əлі кішкентай мектеп оқиды. Бір ұл бір қызы бар. Рая апай шақырған уақытта барып көмегімді көрсетемін. Балаларына қарап үйінде жинап кетемін. Солай əрі бері жүргенімде Рая апайдың жолдасының туысқан інісі басқа қаладан келді, ағасының үлкен ұлы. Сол үйде тұрып жұмыс істейтін болды. Содан мен оны бір көргенен қалай ұнатып қалғанымды білмей қалдым. 

Соңғы күндері мен əдейі анамның құрбысының үйіне баратын болдым. Студент болсамда жеке өз басыма уақыт бөлгім келетін. Ол ойданда алыстап көздеген мақсатым əлгі жас жігіт болды. Менен екі жасқа үлкен. Мінезі ашық бірақ ұялшақ. Есімі Таңат. Бірінші күнен бастап əңгімеміз жарасып тез сөйлесіп кеттік. Мені бұрынан танитын адам секілді қолындағы сұраған затында аямайтын. Түрі де мінезі де тартымды тез баурап алатындай көрінді. Бірақ қанша талпынсамда адамды жақындатпайды. Қасына жақын отырсам ұялып алыстайды. Ешқандай арам ойым болмасада, сол жігітті ойлап жүретін болдым. Ішкі сезімімді білдіре алмай, оны алыстатпау үшін бар амалымды жасадым. 

Əдейі Рая апайдың үйіне қонуға да барған күндер болды. Рая апай жолдасымен үйінде болмаған күндері мен Таңатты көру үшін сылтауратып баратынмын. Жасамаған айла тəсілдің барлығын жасадым. Оның алдында əдеміленуге дейін бардым. 

Оның жұмыстан шаршап келіп ұйықтап жатқан бөлмесін сығалап, оған қарап алатынмын. Өзімді түсінбей қалай ұнатып қалғанымды білмей қалдым. Бірде оның телефонын уақытша пайдалануға сұрап алып өз номерімді еңгізіп жеке сөйлесуге  көштім. Басқа номер арқылы бейтаныс адам болыпта сөйлестім. Бара бара оның қандай екенінде білдім. Бұрын бір қызды жақсы көрген, ол қыз қарамай кеткесін көңілі қалып қойған. Содан бері қыздармен жақын араласпағанын білдім. 

Қазір жақсы араласамын ол жігітпен. Ұялшақ мінезін түсіне алмай қойдым. Балконан зат іздеген кезде, мен оны тығырыққа тіреп қасына əдейі барған кездер болды. Көмектескендей болып қолым оған байқамай тигендей болатын. Ішімнен ойлап қоятынмын, ең болмаса құшақтасам деп. Ішкі сезімімді оған қалай айтатынымды білмеймін. Ғаламтор байланысы арқылы сөйлескенде ұялшақ деп ешкім ойламайды. Қанша жерден оның алдында əдеміленіп киінуге тырыссамда, ол менің алдымда бетіме тік қарамайды. 

Мен ол жігіт үшін барлығын беруге дайынмын. Болашақ жарым болғанын қалаймын. Қазіргі уақытта жақсы жігіт табу оңайда емес. 

Сөйлесіп жүргенімізге де екі айдан асты. Қыз жігіт болып қол ұстасып жүрген емеспіз. Мен ол жігітке ұсыныс жасағым келеді отбасы құру жөнінде жəне бар сезімімді айтқымда келеді. Айтуға батылым бармайды. Əзірше бар мүмкіндік оны жиі көріп тұрамын.

Жарқанаттың хатынан, 

Психологтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

Енем анама «құдағи, ондай келінді дұшпаныма да тілемеймін» депті
Күйеуім үшін шашымды сатуға тура келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу