Қазақы отбасында туып-өскеніме өкінемін

Oinet.kz 01-08-2024 1976

Жасым қазір 18-де, былайша жаспен кіші демесеңіз, ерте есейіп біршама дүниелерді ұққан жайым бар. Мен зорланғанымды ешкімге айта алмадым, басқалар секілді ұят, ел недейді деген сөзбен өстік, тіліміз шығып сөз ұға бастағаннан сол тәрбие ғой. Кейде қазақи отбасыда туғаныма өкінгенім де бар.

Screenshot_13.jpg

Әкем анамды ұратын, одан қалды мені. Қазіргі сәтте мен ата анаммен өте алыспын, яғни арамыз суық, алдын сөзге келіп, үйден қуғандары да бар. Білесіздер ме жас болсам да түйгенім балаға туылған сәтінен махаббатпен қамқорлық көрсету қажет екен, үйткені біздің балалардың сіздерден әке-шешеден басқа сенетін адамымыз жоқ! Бірақ оны көбісі ескі тәрбиемен елемейді де. Қазір әкем мен анам бірге тұратыны болмаса екеуінде де жеке өмір бар, анам өзінің құрбысының жолдасымен кездеседі, әкем басқа ауылдан өзіне адам тапқан. Шынымен де әке шешемнің араларыныда не болып не қойғанын білмейтін шығармын, бәлкім мен білмейтін жайттар көп шығар, бірақ ойлайтыным олар неге бір-бірін алдайды екен? Не үшін өтірік айтады? Біз мейлі ғой өз өздерін алдап жүр. Екеуіде сырттан адам тапқанын білгенде қатты өкпеледім, сұрағым тым көп еді. Тағысын біздерге өтірік айтпаңдар деп үйретеді ғой. Өздерінің өтірік айтып жүргендерінде шаруалары жоқ, үйден қуған күні анаммен жеке отырып сөйлесіп бәрін бүкпей айтуға тырыстым, бірақ берген жауабынан пайда жоғын ұғындым, өтіріксіз шындықпен өмір сүр деді ғой қысқасы, тамағымда комок болып тұрады әлі де. Сол камоктан үнемі ангинамен жүремін, ісіп тұрады. Бастысы оқуым бар, гранттамын. Соған Шүкір етем. Үйдің үлкен қызымын, бәлкім содан да шығар әр затты ойлап отырам. Айтқым келгені қандай жағдай болсада қызбен ана тығыз байланысты болуы керек екен, бізде өкінішке орай ондай байланыс жоқ. Мен шынында кішкентай кезімдегі әкеммен анамды сағынам. Есейіп ес білгелі мүлдем басқа адамды әкеліп қойғандай көрінеді.

Айтпақшы, мені зорлаған кісі әйелі екеуі 40 күн бағып,қырқымнан шығарған адам. Есімімді де азан шақырып өзі қойған еді, қазір о дүниелік болды, 3 жылдай төсек тартып жатты. Кейін қайтты ар жаққа. Көз жасым жібермеді ме, қатты қиналды орнынан тұрып жүрген сәттерінде сөйлей алмай аузы күрмеліп қалатын. Бәрі көз алдымда, өлгенін естігенде ештеңе сезбедім.

Ләззат Рақышеваның 

Instagram парақшасынан

7 жасар қызды зорлап, өлтіріп, әжетханаға лақтырып кеткен орыс шалды өлтірген қазақ жігіті
Енем анама «құдағи, ондай келінді дұшпаныма да тілемеймін» депті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу