Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Басымнан өткен жағдайды басынан бастап еске түсіре бастасам, әуелі анамның той көйлегің киіп, әсем би билеп тұрған келбеті түс болып кіргеннен басталғандай. Неліктен бұндай түс кіргенін бала жүрегім сол кезде сезгендей болған-ау деп ойлаймын.
Ата-анам ажырасқан. Үйде 3 бала болдық. Әкемнің ойлайтыны - қатын болса, шешем байға тигісі келетін. Әкем қаржылай аз-маз ақша берсе де, қатындары ең бірінші орында тұратын, қазір де солай. Жазғы каникул басталып туған әпкеммен әкемнің ауылыңа кеткен болатынбыз.
Қайта оралсақ, анамыз бір еркекпен көңіл қосып, тұрмыс құрмақшы екен. Ол кісі жиі келіп тұратын болды. Біз сол кісінің 3 қызымен танысып, соның үйіңе қонаққа барып жүретінбіз. Маған жылы көзқарас танытып жүрді, әпкеммен сөзге келіп қала беретін болған соң, бір-бірлерің жек көретін. Мен ол кезде 8-9 жас шамалас болсам, туған әкем мен өгей әкеміз 1955жылғы еді. Анам 36да болды. Өгей әкем маған жақсы қарайтын. Қалағанымды алып беретін. Мені велосипедпен қыдыртып, көңілімді табатын.
Нақты қалай басталғаны есімде жоқ, бірақ маған бала ретінде емес, басқаша көзқарас таныта бастады. Менде баламын ғой, алысып ойнап, мойнына отырып алатынмын... Бір кезде маған астымды ұстап көрейінші деді. Киімнің сыртынан. Мен “Жарайды” деп бір-екі рет ұстатқыздым.
Мойнына мінгенде ана жерің мойыныма батады деп шықты.
Сосын, DVD шыққан уақыт еді ғой, “Дикая Азия” деген диск алыпты. Соны көре бастаған болатын, ол жерде камасутра туралы, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан ер мен әйелді көріп отырып, маған айтқаны есімде “Осылай тартып зорласа ғой сені” - деп, шаңғы тепкендегідей қолмен көрсетті. Мен күлдім, “Қумашы” деп.
Үнемі маған қарап сұрайтын - “Сенікі қандай?” - осындай ма деп екі қолдың сұқ саусақтары және бас бармақтарың қосқанда үшбұрыш шығатындай жестпен көрсетін. Кейін, екеуі үйленген соң, анамның құрсағыңа бала бітті, уақытынан ерте босанып 1 айдай роддомға жатты. Өгей әкеммен оңаша қалдым.
Өгей әкем екеуміз ауыл аралап, велосипедпен біраз жүретінбіз. Сосын үйге келдік. Мені диванның шетіңе жатқызып, “Ауыртпаймын, бір берші” деді, мен үндемей келістім. Мен мақұлық не екенін білмеймін ғой.
Сосын ұшын тыққандай болды, мен баж етіп “А-а-а!!!” деп айғайлап едім, ол кірмей шығып кетті де, түк істемеді. Киінгенім есімде. Бірақ ары қарай қайда барғаным, не істегенім есімде жоқ.
Осыдан кейін, тағы сөзбен тиісіп жүрді. “Ауызға алшы, чупа-чупс сияқты”, “Бір берші” деп бастады.
Мен де сол кезде ешкімге айтпағанмын ғой. Сол кезде санамда бір ой болатын - “Енді сұраса бере саламын, не болса да” - деген. Қандай топас болғанмын.
2008 жылы 3 бөлмелі жер үй алдық.
Монша салдық, кірпіш таситынмын. Үйге каткемен су таситынмын.
Өзімді ер балаша ұстайтын болдым. Қазір ойлап отырсам, сол кезде өгей әкем менен қыздың бейнесін көрмесің деген мақсатпен, үнемі тек шалбар киіп, дөрекі сөйлейтін балаға айналдым.
Бірақ ішімде юбка киіп, қыз болғым келетін. Қыз болсам, мені зорлайды деген қорқыныш пайда болды.
Жер үйде әпкем екеуміз бір бөлмеде ұйықтаймыз. Ештеңе қорқынышты емес. 2009 жылы ол мектеп бітіріп, қалаға кетті. Содан кейін менің ұйқысыз түндерім басталды. Анам ұйықтаса қатты ұйықтайтын. Таңертең оянғанда үнемі қорқынышпен оянатынмын. Себебі көзімді ашқанда, мысқылдап жымиған өгей әкемнің көрпемді ашпақшы болып тұрған бейнесі тұратын. “Хы-хы” деп мысқылдап күліп, бөлмемнен ақырын шығып кететін. Сөйтіп түнде ұйықтауға, таңертең қорқынышпен оянумен күндерім өтіп жатты.
Бір кезде қаладан әпкем келді. Мен бала болсам да, өгей әкемді жақтыртпағандығымнан үнемі оның ашуыңа тиіп жүретінмін. ТВ көрмекші болды, естеріңізде болса Евразиядан сағат 18:00 “Час суда” деген бағдарлама болатын. Мен алдым да, ол канал көрсетпейтін етіп қойдым. Ол кісі айқайлап, боқтап ұрыса бастады.
"Не істеп құрттың, қаншық”, “Әдейі істеді”, шешемнен боқтап ұрыса бастады, әпкем бейшара “Не болды соншама ?” деп бөлмеден атып шығып, залға барды. Мені ақтап алмақшы еді. Аяқ-астынан төбелес басталды.
Әпкем жүгіріп барып, ас үйден пышақ алып, өгей әкеме атылды, “Бауыздап өлтірем” - деп, анам араша түсті екеуінің ортасын ажыратып. Екеуі итше ырылдасып жатты. Сол кезде әпкемді ұрып жіберді ме білмеймін. Әйтеуір өкіріп жылағаным есімде.
Сол кезде ашу-ызамен “Рак болып өл” дегенім есімде. Уақыт жылжып жатты. Әпкем кеткен соң, қоиқынышпен оянғаным тыйылмады. Сүйтіп жүріп бойжеткен жасқа да келдім. Бірақ әлі де шалбар мен кроссовки тастамағанмын. Сабағым нашарлаған, кілең беске оқыған бала, ештеңеге қызықпай жүре берді.
Өгей әкеме ашуланып, кішкентай сіңілімнен алатынмын өшімді. Быт-шытын шығарып ұрып-соғатынмын. Қазір ойласам жүрегім ауырады,,,,жылдың басы, өгей әкем ауыр дертке - өкпеден рак ауруна шалдыққаның білдік.
Соқпалдай еркек арықтап, қу сүйек болап арықтап қалды. Соған қарамастан - анда-санда таңертең есімді ашып қарап тұрғанынан оянып кететінмін. Сөйтіп, менің қорқынышым тиылатын да күн туды. Сол жылы дүниеден өтті. Мен ол кезде ауылда болғанмын.
Бойым бір жеңілденгендей, бірақ сонда бір оған деген аяушылық сезім әлі де бар. Ол қайтқан соң, бастан кешкенімнің бәрің өзіммен ала кетемін деп, қаншама түн жылайтынмын. Бірақ болмады. Осы жылы шыдамай тіс жарып анама да, әпкеме де айттым.
Себебі, анам бір ер адаммен сөйлесіп жүр екен, үйі 1 бөлмелі ғана. Бірге тұрамыз дейді. Ал сіңілім бойжеткен қыз. Жасы болса 17де. Мен былай да айттым, көнбей қойды.
Сосын WhatsApp-тағы группаға жаздым. Барлығын жазып айттым. Шешем өкіріп жылады, “ Неге айтпадың сол кезде бауыздап өлтірер едім”, “Далаға қуып, ауылдағы туыстарының абыройың шашар едім” - деді. Әпкем байғұс та қиналды.
Әкем, ағам - ештеңе білмейді. Айтқым келеді, егіліп жылап, маған қорған бола алмағандары үшін. Әкемнің ойлағаны - қатын болғаны үшін, айыптағым келеді, неге мен ғана қиналуым керек дегем келеді! Бірақ шешем айтты, қазір неменеге айтасын, сол кезде айтуын керек еді. Әкеңе айтсаң қазір ол мені кінәлап шағады дейді.
Өкіріп жылағым келеді, бірақ мен қанша түн жылап-жылап ол ситуацияны кешіргендеймін. Бойымнан күш тауып, Алла разылығы үшін кешіргендеймін!
P.S Ойымды толық жинақтай алмай, шашыраңқы жазып отырмын, айып етпеңізші!
Қазір , екі қызым бар. Үлкен қызым 5 те. Оған түсіндіріп айтам, ешкімге ұстатқызба, мамаға және апаға ғана деп. Ата мен папа ұл олардың көзінше турсисыз жүрме, көтеңіңді жуғызба, ұстатқызба деа.
Мейірімді ана болуға тырысамын. Ұрмаймын, сабырмен түсіндіруге тырысамын.
Буреу тиіссе маған айт, қорықпа быт-шытын шығарамын деймін!
Ләззат Рақышеваның
Instagram парақшасынан алынды