Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіз калайсыз? Мазаңызды алып жатқаныма айып етпеңізші... Мен еркек адаммын! Өзім шет елде жумис жасайымын, ауылда жұмыс болмаған соң отбасыма ақша табуға кеттім асырайын, ешкімнен кем кылмаймын деп...
Отбасым бар. Бір ұл,бір кызым бар. Оларды қатты жақсы көрем, әйелімнің жасы 28-де. Жанымнан артық жақсы көремін. Әйелім үйдің келіні сияқты емес, қызы сияқты жүреді. Аллаға шүкір анам да "келінімі деп емес, "қызым" деп қабылдаған. Үйленгенімен 8 жарым жыл болды. Шет елге кеткеніме 1 жарым жыл болды. «Еркек адам жыламайды» дейді. Бірақ сеніп, отбасымды аманаттап тапсырып кеткен әйелім 4.5 айдан бері басқа еркекпен сөйлесіп, кездесіп жүрген екен. Кеше бәрін біліп, үйде айқай болып, өзі басын алып қашып кетті басқа қалаға. 12 сағат дегенде әрең таптық. Балаларымызды тастап кетті. Елге қайтсам оған бірдеңе жасап қоямын ба деп қорқамын. Бірақ оны ешқандай жамандыққа қимаймын. Шыбын шақса жаным ашып отырады. Сенген әйелім сондай иттік жасап кетті. Енді осында жазбасқа амалым қалмады. Еркек болып тұрып, көзден жас тоқтар емес. Өйткені кәдімгідей аялап алақаныма ұстап отырған әйелім мені сатып кетті. Енді кеше участковыйлар үйге келіп, бәрін біліп арыз жаздырыпты анама. Енді сұрайын дегенім аналық құқықтан айрыпы тастауға болады екен 5 күнде келмесе. Бірақ оны ондай жамандыққа қимаймын. Ертең барып тұрғанның өзінде қалай тұрам? Қалай адал асыма арамдық жасаған қолдарынан ішем?? Ішіме ештеңе сыяр емес. Ақыл кеңестеріңіз керек. Еркек те бір күні сынады екен. Мен солай сындым. Тек дұрыс жол айтыңыздаршы өтінем.