Туған жездем досымен бажа болғысы келген еді, досы әбден үрейімді ұшырды

Oinet.kz 06-05-2024 401

2016 жылдың көктем айы. Әдетімше әпкемнің үйіне жексенбі күні демалуға бардым. Әпкем, мен келген бойда балаларын тастап, өздері қонаққа кетті. Қонаққа барған үйі екі үйден соң. Бір кезде орта бойлы, жылтыр көзді, кірпіктері айқасқан сымбатты жігіт үйге кіріп келді.

Screenshot_5.jpg

Менімен амандасқан бойда

- Жездеңдер қайда? Кетіп қалдыма?- деді. Менің жүрегім шымыр етіп, бірден таныдым. Бәлкім қорықтым, тым кеш уақыт еді.

Қорқуымның ең басты себебі, 2015 тің күз айында, дәл осы жігіт маған Вконтакті желісінен жазып, ватсабыма

- Сөйлесіп көрейікші, сені жақсы көріп қалдым,-деп мазамды алып жүрген еді.

Сасқанымнан бірден

- Иә, кетіп қалды сол жерге барыңыз- деп айқайлап жіберіп, есікті іштен жауып алдым. Ол жігітті өмірімде 2-3 рет көргенмін.

2015 жылы

туған жездем өзінің жан досымен бажа болғысы келген екен. Солай, менің және екінші әпкемнің суретін досына жіберген. Екі балдызым бар танысып көр. Осылай бойдақ болып қашанғы жүресің,-деп айтқан болуы керек. Ал, ол сымбатты жігітіміз бірден менің суретіме ғашық болып, қайтсемде осы қызды аламын деп шешім қабылдаған.

Ол кезде мен 11 сыныпты бітіріп, Алматыға қыздар университетіне грантқа оқуға түскен едім. Жасым небәрі 18 де ғана.

Бұл жігітті әркез әпкемнің үйіне барғанда көріп қала берген соң күдіктеніп бастадым. Телефоныма жазғанда шошып кетіп, бірден мамама оқыттым.

Мамам

- Сен енді ғана 18 ге толдың, оқуың бар. Оларға үйде отыратын адам керек. Нәскиін жуып, тамағын жасап! Сабағыңды оқы, қайдағы бай?-деп айқайлап, қатаң түрде кездеспеуімді ескерткен болатын.

Мен бірден бұл жігітті барлық интернет желісінен блокқа тықтым.

Солай уақыт өте берді. Кейде үй жақтан көріп қалатынмын. Сондағысы мені Алматының бір бұрышынан тауып алып, сырттан болсын бір көрсем деген ішіндегі алпауыт сезімі маза бермейді екен.

Әпкемнің үйіне тағы бір демалысымда келгенімде, жездемнің жасырын сымбатты досына звандап жатқанын естідім.

- Үй жаққа тез кел. Балдызым келді.

Бірден әпкеме өкпелеп

- Мені шал біреумен неге таныстырасыңдар? Менің жігітім бар, оқуым бар енді мазамды алмасын жездеме айтшы деген болатынмын. Сол уақыттан бері жабулы қазан жабулы күйде қалды.

Содан бері көргенім бүгін еді. Арада 4-5 ай уақыт өткен соң көргенде менде түсініксіз сезім пайда болды. Бірақ мен бұл сезімді махаббатқа баламадымда.

Ертесі еш алаңсыз үйге қайттым. Әлгі сымбатты жігітті есіме алмадым.

Өйткені, мен 1 курс оқуым біткен соң анамның қасына жұмысқа шықтым.

Ол жұмыстан ешқандай тиын алмай, мамаға тек балмұздақ алып берсеңіз болды деп жұмысымды істеп жүре бердім.

2016 жылы шілде айы жұмысқа әдемі, қысқа көйлегімді киіп боянып барған едім. Жұмыстан қайтіп келе жатқанда мамам әдетінше дүкенге маған балмұздақ әперуге кірді. Солай магазиннің сыртында тұрғанымда қасымнан музыканы қатты қойып алған машина өтті. Ішіндегі жігіт жездемнің досы, көзіне қап-қара көз әйнегін тағып алған, сымбатты жігіт, маған көзін алмастан қарап өте шықты. Осы жолы жүрегім зу ете қалды. Ішімде жылылық пайда болғандай.

Бірақ ішімнен өзіме “сабағыңды оқы, жігітті не істейсің?” деп бір дауыс сайрап қоя берді. Сымбатты жігіт екеуіміздің арамыз 8 жас еді. Менің жасым енді ғана 19 ға толған. Сонда да қанша қарсыласқаныммен, осы жолы ол жігіттің көз жанары есімде қалып қойды. Көздері сондай мөлдіреген, үлкен, әдемі. 

Сонымен араға 1 айдай салып, 1 тамыз күні әпкемнің баласының туған күніне сыйлықтарымызды алып, ортаншы әпкем екеуіміз Есік қаласына бардық.

Үйге кіре бергенде жездемнің достары:

- Гүлдакой біздің баламен неге сөйлеспей қойдың?- деп сұрақтың астына алды

Мен болсам

- Жоқ, достарыңыз өздеріңізге қала берсін. Менің жігітім бар,-деп сөзді бір қайырдым.

Осы уақытта жездемнің телефонға жүгіріп барып, біреуге звандап жатқанын көріп қалдым.

Жездем

- Досым, Балдызым осы жақта, келсеңші деген даусын анық естідім.

Естімеген адамша, жездеме ештене демей отыра бердім. Бәлкім көргім келгенде шығар қызық сезім.

Қонақтар дастарханға жайғасты. Бір мезетте есіктен сымбатты жігіт кіріп келді. “Көзі неткен әдемі, өз жасынан тым жас көрінеді ғой шіркін” деп жүйрік ойлар басыма келді. Әп-сәтте “ есіңді жи бұл сенің ойың деп үлгергенімше сымбатты жігіт өзімен бірге беті басы бояқтан көрінбей қалған бір қызды жетектеп кіріп келді.

Мен түр білдірмей ішімнен

“Ақыры мені ұмытқан екен” бір жыл болған сөйлеспегенімізге. “Басқа қызда табыла қойыпты” деп сыбырлап жүрмін. Екі бетім қызарып, қолым дірілдеп, бір түрлі күйге ендім.

Менің күйімді ортаншы әпкем бірден байқап

- Немене қызғанып кеттіңба? Болды қайғырма,- деп мазақтап үлгерді.⠀

Мен болсам

- Жоқ қызғанған жоқпын керісінше қуанып тұрмын. Бақытты болсын. Ең бастысы менің мазамды алмаса болды,- деп ақталып қоймаймын.

Дастархан басында достары екеуіне тілектер айтып, тіпті үйлендіріп тастады. Ал, мен болсам дастарханға отыруға жүрегім батпай, ас бөлмеде ыдыс жуып ,өзіме өзім басу айтып жүрмін.

5-6 сағат өткен соң қонақтар тарқап бастады. Жастар өздері жұп-жұбымен Көктөбеге барайық деп, түнде қыдыруға шығып кетті. Ал біз үй жинап, балаларға қарап қалдық.

Қолыма телефонды алып сан түрлі ой маза бермеді. Жігіт еріксіз ойыма орала берді.

Түнгі екіде Вконтактке кіріп, жездемнің досын блоктан жәй ғана шығара салдым. Блоктап тастағаныма 1 жылдай болған еді. Солай ой үстінде ұйықтап кетіппін.

Танертең ұйқыдан тұрған бойда телефоныма қарасам, смс келіпті. Оны оқып езуіме еріксіз қуаныш ұялады.

Сымбатты жігіт маған вконтактен жазып жіберіпті.

- Салем, қалайсың?

Ұйқым шайдай ашылды

- Жақсы өзіңіз?- деп сызыла кеттім.

- Жақсымын. Қабылдапсың ғой.

- Иә, қызыңыз бар екен. Сол үшін блоктан шығардым. Енді мазамды алмассыз,- осылай астыртын жазып жібердім.

- Жоқ ешқандай қызым емес. Бірінші рет кеше көрдім. Бірге барайық деген соң алып бардым,- деп көңілімді орнына түсіргендей болды.

Қызық сезім және түсініксіз. Бір жыл бойы қашып жүрген жігітке еріксіз ішім жылып, тіпті кешегі сары қыздан қызғаныпта қалғандаймын. Осылай біраз сөйлесіп тастағанымызды байқамайда қалыппын.

Сымбатты жігіттен толассыз смстер келіп жатты. Маған сөйлескен майдай жағып барады. Сол күні шаршап ерте ұйықтап кеттім. Ал ол маған смс жазып жіберген “Бүгін кешке келсем, біраз отырып әңгіме айтсақ қалай қарайсың?”. Мен ол уакытта тәтті ұйқыда жатқан едім.

Далаға шықсақ қолында розасы бар жігітіміз цементтің үстінде отыр. Сондағысы үш-төрт сағат далада мені күтіп отырған екен. Қоңырау шалуға телефоны өшіп қалған көрінеді.⠀

- Әйтеуір бір далаға шығар деп күтіп отырдым,- деді. Мен таңқалып 15 минутқа ғана сөйлесуге келістім. Үнсіз отырып 5 минутымыз өттіп кетті.

-Жігітіңіз барма?- деп маған әп-әдемі көздерімен тіке қарады. Бірден бұл сұраққа қалай жауап берерімді білмей

- Жігітім бар сияқтыма,- дептім. Содан біраз үнсіздіктен соң

- Жігітім болса сіздің қасыңызда отырмас едім деп,- сөзімді жалғадым. Тек үнсіздіктен тағыда бес минут отырып үйге кіретінімді айттым.

- Ертен келсем болама?

- Жоқ, неге келесіз? Керек емес дедім.

- Сені жәй бір көріп кетсем болды,- деп қоштасып Алматыға кетіп қалды.

Үйге кірген бойда жүрегімнің қатты соғып, тіпті өне бойымды ерекше сезім биледі. Он тоғыз жасар қыздың махаббаты оянғандай болды. Бірақ жасы үлкен жігіттермен сөйлесу мен үшін қылмыс еді.

Ол әр түрлі сылтаумен күнде үйге келуді әдетке айналдырды. Алматымен Есіктің арасында 14 күн үзіліссіз келіп, жездеммен әңгімесін айтып қайтатын.

Маған ғашық көздерімен қарағанда жүрегім елжіреп қала беретін. Тіпті әр күні тағатсыздана күтетін жағдайға қалай жеткенімді байқамай қалдым.

14- тамыз жездемнің туған күні Қапшағайға шомылуға баратын болдық. Әпке жездемнің достарының бәрі бар. Ал мен үйде қала берейін дегенге әпкем “бір уақыт демал, жақында оқуың басталады” деп өздерімен алып шықты.

Демалатын жерге де жеттік. Суға түсіп, кәуап пісірдік. Көңілді отырыс болып жатты. Бірақ бұл жолы сымбатты жігіт көрінбеді.

Іздегендей болып, есік жаққа қарай бердім. Бір кезде дауысын естідім. Орнымнан ыршып тұрып айнаға жалтақтап, түрімді реттеп алдым.

Қасыма жақындап келіп, бетімнен сүйіп амандасқанда, бір уақыт көкке қанатсыз ұшып бара жатқандай күй кештім.

Суға жүзе алмайтын мені “өзім үйретемін” деп қолын ұсынды. Менде келістім бұл жолы қорқыныш емес оған деген сенімділік пайда болды!

Осылай уақытымыз көңілді өтіп, кеш батты. Үйге қайтар уақытта мен ұйықтап кетіппін. Көзімді ашсам бас жағымда шашымнан ұстап отырғанын көріп шошып кеттім.

- Қорықпа үйге кеттік,- деді.

Маған өзінің машинасына отыруын сұрады. “Бәрі менің машинама отырады” деп мені алдап өз машинасына отырғызып, есікті құлыптап ешкімді күтпей машинаны қатты айдап жүріп кетті. Менде енді үлкен үрей, қорқыныш басталды.

Қолымнан қатты ұстап алып, өте қатты жылдамдықпен сөзімді тыңдамастан кете берді.

“Осыдан, бүгінгі күннен аман шықсам бұнымен сөйлеспеймін де, көзіне де көрінбеймін! О, Аллам!Көмектесші!”- деп Құдайға жалына бердім.

Сымбатты деп отырған жігіт, бір уақытқа көзіме Әзірейіл болып көрінді.

- Машинаны тоқтат, әйтпесе секіріп кетем,- деп айқайға бастым. Тыңдайтын ол жоқ. Тек өзінің сезімін айтып әлек.

- Мен сені жақсы көремін, бір жыл бойы сыртыңнан бақылап, махаббатым артпаса кеміген емес. Маған бір мүмкіндік берші. Сені көрмесем тұра алмайтын дәрежедемін,- деп бар сезімін шығарып жатыр.

- Онда мені үйге аман-есен апарынызшы, сонда ғана жауабымды айтам деп көндірдім.

Үйге жеткен соң қашып кіріп, шықпай қойдым. Түннің жарымы, ол кетпей далада күтіп тұра берді. Бір уақытта жездем

- Далаға шықта бір жауабыңды бер. Иә, болмаса - жоқ деп айт. Мен онымен сөйлестім, жауабыңды алам да кетем деп айтты,- деген соң үйдің мазасын алмайын деп сыртқа шықтым.

Мені көрген бойда құшақтап алды. Осы кезде менде оны шынайы жақсы көретінімді түсінгендей болдым.

Менің жауабым “жоқ” деп дайындалып шыққан едім.

Құшағынан сытылып шығып

- Ертең келіңізші мен жақсылап ойланайын.

Ол да келісе кетті.

- Ең бастысы жоқ демесең болды,- деп қалаға кетіп қалды.

Осылай қоштасып үйге кірдім. Мендегі жүрек “иә, иә” деп алып ұшып тұрды. Ал, ақылға салсам “жоқ сөйлеспе, оқуың бар” деумен. “Недеп жауап берсем екен” деген ой жанымды жегідей жеп барады.

Мамаға мен оқу оқимын, ол баламен сөйлеспеймін деп уәде берген едім. Ол да менің “иә” деп бірден айта алмауымның басты себебі еді.

Ертесі кешке жігіт менің жауабымды алу үшін алып ұшып келді.

Ұзақ сөйлесуден кейін менің жауабым

- Иә, сөйлесіп көрейік,- деп өзімнің көп күттірген жауабымды бердім.

Осылай біздің махаббат хикаямыз басталды.

Әр күні мені оқудан үйге дейін апарып, қимай қоштасатын едік.

Тіпті 4 айда бір күн болсын, мені көрмей қалған күні болғаны емес. Әр кездесуіміз біздің махаббатымызды нығайта берді.

Қаншама қарсы шыққан адамдардың сөзіне мән бермей, адал махаббатымызды дәлелдеп шықтық. Бір жыл бойы қарата алмаған мені, төрт-ақ айда адал жары етіп алды. Босқа өтпеген уақыт болды ең бастысы. Үміт ақталды.

Ал мендегі сезімнің қай кезде оянғанын тіпті сезбей де қалдым. Сымбатты жігітіме жіпсіз байландым. Жүрегімнің әр дүрсілін оны көргенде қаттырақ сезетін болдым.

2016 жылы желтоқсан айында мені келісіммен алып қашты. Алланың қалауымен үлкен отбасы болдық. Қәзіргі таңда 2 қыз 1 ұлды тәрбиелеп отырған анамын.

09.12.2016 жыл дәл осы күн менің өмірімдегі қымбат күндердің бірі болып қалды.

Ата-анам 17 жасымда оқытудың орнына, огородқа шығарып жіберетін
Туған жездем досымен бажа болғысы келген еді, досы әбден үрейімді ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу