Ата-анам 17 жасымда оқытудың орнына, огородқа шығарып жіберетін

Oinet.kz 05-05-2024 2887

Мен оқуға түскенде ата-анам мені қаламасам да туысқанның үйіне жатқызып қойды бір жыл. Ал ол туыстар мені жақтырмайтын. Әке-шешем қолыма ақша көп бермейтін. Өздері 1045 рет ажырасып-қосылып жүретін еді. 

Screenshot_15.jpg

Ақша сұрасам, "Не істейсің сен ақшаны? Әпшеңнің үйіне барып тамақ жейсің ғой" деп ақша бермейтін. не оларға ақша бермейтін "Қызым осы үйде тұрып жатыр, тамақ жеп жатыр ғой" деп. Ал мен туысартарымның дастарханында алаңсыз тамақ жеуге ұялатынмын. Сол үшін тамақ ішуге бармайтынмын. Не жұмысқа шығармайтын еді. "Ойбай, сені біреу зорлап кетеді, біреу өлтіріп кетеді" деп. Солайша шешем жұмыс істетпей, әкем ақша бермейтын. Кейін айтпай жұмысқа шығатын болдым. Үйге нан, анау-мынау көтеріп баратын болдым. Әпшемдердің одан кейін қабағы ашылып маған жақсы сөйлейтін болды.

Официант боп жұмысқа кіргенде телефондарымызды жинап алатын. Бір күні кешке мамам звондағанда алмағам. Әпшеге звондап сұраған "қайда?" деп, әпшем "Жұмыста ол", деген. Сонымен ертесіне мамам звондап маған айқайлап, "Жұмыста не істеп жүрсің, қаншық? Саған жұмысқа шық дедік пе?" деп айтқан. 

Әбден ығырым шыққан соң бірінші курс бітіргесін сөйлесіп жүрген жігітім бар еді (қазіргі күйеуім) соған тұрмысқа шығып кеттім. Қазір АЛЛАҒА ШҮКІР! Енем де, күйеуім де түсінігі мол жандар. Ары қарай күйеуім оқытты. Не кием, не жеймін десем де алып береді. Шүкір қазір мамандығым бойынша жұмыс істеп, жақында декретке шықтым.

Үйдің үлкені едім бір қыз, екі ұл. Өзімнен кейын екі інім бар. Қазір әкем мен шешем ажырасып кеткен. Негізі солар үшін деп те тұрмысқа шығып кеттім. Құда-құдағи болса басылар деген ой болды. Үйде ұрыс-жанжал, өзім жасым 17-де. Жазғы каникулда ауылда "Бармайсың қалаға" деп ауылда огородқа күндікке шығатын едім. Қазір өзімнен кейінгі інім студент. Бірақ оқуын сырттай қылып, Астанада жұмыс істейді. Шешемді күйдіреді. "Оқуымның ақшасын өзім төлеймін" деп жұмысқа шығып кеткен. Не оқуын төлемейді, не үйге дұрыс ақша салмайды. Керісінше мамам оның артын жауып жүреді. Кредит, займ, каспиы бар ма, басқасы бар ма. Бір жерінен кредиті ағып жүр.

Ол кездерде біздің әулетте "қыздың орны" деген жоқ еді. Көп әулеттерде сондай шығар. Әлі де бар шығар үйінде қыз баласы екінші орында тұратындар. "Жұмыс істеп не қарқ қылатын едің? Кө*іңді бір қағып кетесің ертең байға" деп айта беруші еді. Енді ер бала емес, шешеге қыздың жаны ашитынын түсініп жатыр ғой қартайғанда. Мамамның шешесі де кезінде солай жасаған. Мамам да бір қыз. Екі аға, екі інісі бар. Кезінде "Балам інілерім сияқты мені сорлатпайды, Құдай сақтасын олай тәрбиелемеймңн" деп айтушы еді, Бірақ дәл шешесі сияқты мені ысыратын еді. Енді басына түсіп отыр.

Өткенде мамам "Сені бекер жұмыс істетпеппін, осы уақытта оқуыңды бітіріп, әрі жұмыс істеп жүретын едің" дейді. "Сол кезде жалынып жылағаның да, мен сені жұмыс істеп қарқ қылмайды, қаншық болып кетеді деп ойлаппын" деп айтқан. Қазір ақша керек болса менен сұрайды. Өзінің алтын тросының бәрі ломбардта. Жақында декретныйым түскенде бәрін алып бердім. Қарыздарын да жауып бердім. Күйеуім "Ақшаны өзіміз жаратамыз" деп айтатын шығар деп ойлап ем. Сонда да бірауыз сұрап көрейіншы деп сұрай салып ем, "Мамаңның қарыздары көп болса, бере бер жауып алсын" деп айтты. Мәәә, қуанып кеттім. 100% олай айтады деп ойламадым.

АЛЛАҒА МЫҢДА БІР ШҮКІР! Қазір ерте тұрмыс құрғаныма да, күйеуіме тигеніме де өкінбеймін. Құдайдың құдіреті шексіз ғой. Осынша қиналғаныма тұрмыстық өмірімді ертегі қылып беріп жатыр. Ал мамам менің ерте күйеуге тигеніме өкінеді. Кейде "Ана соседтің, мына соседтің қызына ұқсап жұмыс істеп, қазір маған ақша алып келіп жүретін едің" деп өкпесін айтып отырады. Шешемнің де көзі әкеммен ажырасып кеткеннен кейін ашылған сияқты.

18 жылдан бері студенттерді асырап жүрмін
Туған жездем досымен бажа болғысы келген еді, досы әбден үрейімді ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу