Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Күйеуім әкесіз өскен. Енем жұбайымды өзі өсіріп жеткізді. Үйінде жалғыз ұл болғандықтан енеммен бір үйде тұрып жаттық. Ол кісі екеуміздің арамызға жиі түседі. Ұлынан арамыздағы болып жатқан нәрсенің бәрін сұрап білгісі келіп тұрады.
Он бес жыл үйде отырып қатарынан бес бала туу оңай емес. Мені де түсініңіз. Бала туамын, оларды өсіремін деп денсаулық, сымбатымның бәрін бердім. Құр сүлдерім қалды. Шынымды айтсам, өз-өзіме айнаға да қарай алмайтынмын. Сондықтан жолдасыммен ақылдасып, омырауымды үлкейтемін деп шештім. Ол да келісті. Бірақ анамызға айтпадық. Ертеңінде 1 миллион кредит алып, ота жасайтын клиникаға бардым.
Үйге қайтатын күні енем бәрін біліп алыпты. Есіктен кіре сала бетіме шапшып, киім-кешегімді бетіме лақтырды. Балаларды қалдырасың деп шарт қойды. Күйеуім де анасын жақтап қалыпты. Бұл үйде маған орын жоқ екенін сезіп артқа бұрылып кеттім де қалдым. Артымнан іздеу былай тұрсын, күйеуім өзі ажырасуға арыз түсірді. Ақыры ажырасып тындық.
Мен ота жасату үшін енемнен рұқсат сұрауым тиіс пе? Бастысы күйеуім келіскен. Енем артық кеткенін түсінсе екен.