Қызымды күйеуім ұрлап алып кетіп бермей жатыр

Oinet.kz 27-02-2024 703

Мен 17 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Біз жігітімізбен 2017 жылы үйлендік, жасым 17-ден 18-ге қараған кезде. 2018 қызды болдым. 2019 заңды түрде ажырастық. Қызым 1 жасқа толғанда, бір-бірімізді түсінбей ұрыс-керіс көбейді.  Ортаға ене қайынсіңілі, қайын әпке дегендер араласты.

Screenshot_7.jpg

Арада 8 ай өткенде кешірім сұрап қайта қосылайық деп алдыма келді. Бала үшін жетім қалмасын деген соң қайта қосылдық. Екінші қызымды көтердім. 2020 жылы ішімде 39 апта 5 күнде шетінеп кетті. Өсіп қалған баланы іштен кесерово әдісімен перзентханада алып тастады. Үйге келген соң күйеуім "сен өлтірдің баланы деп" деп сөкті. Тігісім жазылмаған, үстіме отырып алып қылғындырып жолдасым зұлымдық көрсететін.

2020-да тағы операция болдым, "послеоперационная грыжа" деген диагнозбен. 2021-де емделіп жүрдім. ЗАГС-ке барып некеге тұрайық дегенде өзің ажырасқансың бармаймын. Әлі тұрасың ба, тұрмайсың ба белгісіз" деп бармай қойған.

2022-де екінші әйел алды ұрпақ өрбітуім керек деп. Менде бала босанатын канал жабық екен, аштыруға операцияға қаржы жоқ.

Солай солай ұрып соғып сол әйелдің сөзін сөйлеп, маған қарсы қойып күнде жанжал, ұрып-соғу, ернімді ішінен жыртып жіберді, көзімді 2 рет көгертті. Ешкімге айтпай жүре бердім. Әке шешемеде айтпадым.

Умраға кетемін қарызға дегенде қарсы болдым. Продукт алып беріп кет, қарызға баруға болмайды тем более 2 рет қарызға бара жатырсың деп. Ол кезде де ұрып-соғып тепкілеп, пышақпен өлтіруге дейін барды. Мен сыртқа қашып шықтым. Ұстап алды үйді құлыптап. Ертесіне Умраға кетті. Мен денемнің бәрі ауырып 3 күн тұра алмай жаттым.Ақырындап жиналдым Такси шақырттым, інімді көмекке шақырып кетіп қалдым.

2023 те июнь айында кеттім. Кешірім сұрап келді бірақ қосылу ойымда жоқ. Қызды көріп тұр мені мазалама дедім. Мектебіне барып алып кетіп, басқа ауылға демалыс күндері алып кетіп әкелмей жүрді. Полицияға да бірнеше рет айттым. Үйге кірмек болады, зорламақ болды деп.

Көшіп кетсеңізші басқа жаққа дееп мысқылдап, мені мазалап қызымды алып кетіп, әкелетін кезде көліктен түспеймін бармаймын. Анашым ұрады мені. Әкеммен кетемін деп айт, "самокат велосипед алып беремін, ауылға менімен кетсең артымыздан анашыңда келеді" деп айтыпты. Февральда алып кетті,әкелмей қойды.

Апрельде ауылға садигіне бардым. Әкесіне айтпадым. Жылады садик ұнамайды деп. Садиктегі апайы біз жауаптымыз жібере алмаймыз деді. Графикке бағынбайды, көріп тұратын уақыттан тыс уақытта алып кетеді. Сотқа да бардым ,полицияға да бардым, ешқандай әрекет жоқ. Қызымды қайтып алсам болады?

Ләзатт Ракишеваға келген хаттардан

Енем келін деген жау деп жиі айтады. Менен бөлек тамақтанады
Балдызымның қылықтарын түсінбей жүрмін..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу