Жездем анамнан қалған менің атымдағы үйді тартып алды

Oinet.kz 06-04-2024 986

Менің жездем азартник, игроман, аппарат та ойнайды, ақшасы крупные болса, Қапшағай дан шықпайды. Сестрам 14 жыл бірге тұрды, талай қарыздарын төлеп берді, миллиондап төлейтін, соңында болмаған ажырасты.

Screenshot_17.jpg

Кредиттерге, ақшаматтарға, процентке, қарыздарға тықты, солардың бәрін төлеп бітіріп қалды. 3 баласы үшін, ажыраспайй жүрді, туған әкелері мен болсыншы деп, жездем қара шаңырақты сатқызды қоймай, анамыздан қалған өзіміздің үйіміз болатын менің атымда, соны қоймай сатқызып, ақшасын ұрлап казиноға кетіп қалыпты. Сестрам 2 рет машина сатып алып берді, 1 апта да айдамайды, сразу сатып Қапшағайға кетіп қалады, әкесі қанша рет алып берді машина, оны да сатып жібереді. Сестрам үй алды, сол үйдің ақшасын рассрочкамен төлеп, толық ақшасын беріп біткенде, үйді сатқызып, ақшасын алып қашып кеткен, казиноға. Айта берсе көп нәрсе болған. Сестрам екеуміз, күйеуге шыққанда келіскенбіз, ешқашан бір-бірімізге проблемаларды айтпаймыз деп. Ажырасып кеткен соң ғана естідім, сол нәрселерін. Ондай адамдар балаларын ойламайды. Балаларды тек козырь ретінде қолданады. Талай адамды алдап миллиондап алып кетіп жатыр, ешкім сотқа бере алмайды, доказательствалары, қолхаттары жоқ. Кез келген магазинге кірсе, спокойно 15-20 мыңға қарыз алып шығады, адамды гипноз жасайтын қабілеті бар. Азартник адам ешқашан қоймайды.

Дем салдырам деп барған молда арам ойлы кісі болып шықты
Студент кезімізде құрбымыздың кесірінен 4 бірдей қыз зорлықтың құрбаны болдық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу