Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Баяғыда бір ауылда көп балалы жесір əйел болыпты. Əр күн сайын есігінің алдына қайырымды жандар əкеп қойып кететін азық-түлікке күн кешіп жүреді.
Күндердің бір күнінде əлгі əйелдің көршісі қой союуға бекініп, бауыздағалы жатқанда қойы қашып кетіп Алланың қалауымен жесір əйелдің ауласына кіріп кетеді. Егесі қойын қуып келген беті сол еді, үйінен сыртқа шыққан əйел көршісі қойды өзіне əкелді деп ойлап:
- Иə, көршім! Алла разы болсын саған. Бір қойды сыйлау деген үлкен жомарттық қой, бізге бір жақсылық жасадың - деп алғысын білдіреді. Жаңа ғана қашқан қойын қуалап, ентігіп келген көршісі басынан сең соққандай күйге түсіп, тізерлеп отыра кетіп Алладан дұға жасайды:
- Иə, Раббым! Мені кешірші. Менен үлкен ағаттық кетті, осы уақытқа дейін көршіме дұрыс қарайласпадым. Осы малды менен садақа ретінде қабыл алшы - дейді ниетін түзеп. Үйінде еті таусылған, қойын жесір əйелге садақа еткен көршісі қой алу үшін ертеңіне таңертең ерте тұрып базарға барады. Алдынан бір көлікке көп қой тиеген сатушыға жолығып мал алатынын айтады. Əлгі сатушы оған ең семізін таңда дейді. Ең семізін таңдап, бағасын сұрағанда сатушы оған:
- Бұл қой тегін. Мен биыл қойларым көп төлдесе, қозылардың басы көбейсе, базарға апарған қойларымның ішіндегі ең семізін, таңертең ең алғаш келген алушыға тегін садақа етемін деп Раббыма уəде еткенмін - дейді.