Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлеуметтік парақшадағы желілердің бірінде тұрмыстағы 25 жастағы келіншек аноним болып, жан сырын жайып салыпты. Ол қыз былай деп, елден кеңес сұрайды:
“Мен тұрмыстамын. Бәрі жақсы болатын. Жасым 25-те, екі балам бар. Аллаға шүкір, менің мәселем, былай жай ғана кеңес берсеңіздер деймін.
Кеше ғана енем күйеуім екеуміздің арамызға от салып, мені күйеуім ұрып-соқты.
Қатты ұрды десем де болады. Бұрын бұлай ұрмайтын, өзім де түсініксіз болып қалдым: не істеп қойғанымды білмеймін, таң атпай тұрамын, тамақтарын беремін, үй жинап, балаларыма жақсы қараймын. Жалпы, өзім Аллаға шүкір, әдемі келіншекпін. Мені көргендер екі баласы бар деп ойламайды, атам да мені мақтап отырады.
Жалпы, бұл үйдің тәрбиесі басқа. Бәрін жазсам, сұмдық көп болып кетеді. Таң қаларлықтай отбасы. Қатты ұрғаннан есімді әрең жиып, не істерімді білмей отырмын. Сондықтан жазып отырмын. Қазір төркінімдемін, укол алып жатырмын. Жұмысым бар, қазір декреттемін, балам кішкентай болғандықтан. Енді кешіре алмайтындаймын. Ішімде енеме деген қатты кек қалып отыр, тіпті түрін де көргім келмейді.
Былайша айтқанда, тұрмыс құрғаныма 6 жыл болды, бірақ күйеуім де, енем де бір түйір шұлық әперген емес. Ақша да берген емес өмірі. Не істесем болады?
Келген кезде күйеуіме не деп айтсам болады, жанына тигізіп айтатындай бір нәрсе айтқым келеді. Өзім онша сөзге жоқтау адаммын. Не айтатынымды білмей жылап қала беремін.
Жалпы, анасы өте нашар адам. Оның нашар екенін күйеуімнің өзі де айтып отыратын. Баласына да жаны ашымайды. Оның сөзін неге тыңдап, мені неге ұрғанын түсіне алмай отырған жайым осы!
Бүкіл ел біледі, семьясының тәрбиесіз, екіжүзді адамдар екенін. Тамыр-таныстары айтып отырады. Негізі, айтарым көп, бірақ ойымды дұрыс жазып жатырмын, жеткізе алдым ба, білмеймін.
Ақыл айтыңыздаршы”, – дейді есімін жария етпеген келіншек.