Абысыныма «шашыңды жұлам» деп айқайладым

Oinet.kz 04-03-2024 3485

Мен 2017 жылы қыркүйек айында тұрмысқа шықтым. Міне содан бері абысыныммен бірге бір үйде тұрып келемін. Менде екі қыз, абысынымда екі ұл бір қыз болды. Биыл бірге тұрып жатқанымызға 5 жыл толды. Кеше екеуміз қатты ұрысып қалдық. Бет жыртыса жаздап әрең тарқадық. Қатты кеткенімізді енем де көрді.

Screenshot_4.jpg

(суреттің материалға қатысы жоқ)

Басында абысыныммен жақсы тұрып жатқанбыз. Өзім тірліктен қаша қоятын адам емеспін. Екеулеп жүріп үйді тірлігін айнадай етіп тастайтынбыз. Менің мінезім тік. Ұнамаған нәрсені айтып салам. Ал абысыным аздап қулау. Маған ата-енем жоқ кезде аузына келгенді айтып, олардың көзінше бірдеңе десем жылап құтылады. Сосын да үйдегілер мені онша жақтыра бермейді. Дүниеге балалар келген соң бір-бірімен ойнап жүріп абайсыз ұрып, құлатып, жылатып қояды. Сондай кезде абысыным қыздарын қорғап менің қыздарыма жекіп тастайды. Басында үндемейтінмін. Кеше кіші қызымның қолын тарс ұстап алып жұлқылап жатыр. Қызым жылап кешірім сұраса да қоймай, одан бетер жұлқылап жіберді. Сосын шыдай алмай ортаға түстім. "Ит те болсам балаларыңа бірдеңе деген емеспін. Қатты кетіп бара жатсың. Бір үндемеді, екі үндемеді деп басыма шығып алуыңа көне алмайды екем. Осы уақытқа дейін сенің-ақ балаларың періште бола қойсын деп, сыйластықты суытпайын деп тілімді тістеп жүрдім. Бұдан былай қыздарымды жұлқыламақ түгілі, қатты сөйлегеніңді көрсем шашыңды жұлам",- деп айқайладым. Ол маған тұра ұмтылған кезде, енем келіп қап ажыратып алды. Содан бері үйде біреу өлгендей бәрі түнеріп жүр.

Күйеуім үйдің кішкентайы. Бірақ жұмысы қалада. Бір-бірімізді сирек көреміз. Күйеуіме қанша рет айтып көрдім, абыройымыз барында еншімізді алып бөлек шығайық деп. Оның да у-шуы басылмайтын үйде тұрғысы келмейді. Ата-анасының көңіліне бола жүр. Кейде достарыммен жүрмін деп, үйге де қонбайды. Өйстіп жүріп көңілімізді суытып алып, бөлек шығамын деп жүріп төркінімнен бірақ шығам ба деп қорқам.

Кейде ата-енеме қалаға кетейік деп әңгіменің шетін шығара бастасам абысынып килігіп кетеді. Оның да ауылда қалғысы жоқ. Ата-енемнің де не ойлап жүргені белгісіз. Екі баласын да бөлек шығарғысы келмейді. Біздің осылай бет жыртысып, берекені қашырып жүргеніміз оларға ұнай ма сонда?

Құрбым күйеуім екеуміздің арамызға түскен қара құрт сияқты
Енем атамды менен қызғанып отбасымызды ойран етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу