Ауызашарда бата берген шалды көрген қызым ызадан жарылардай болып кетті

Oinet.kz 02-03-2024 3457

Қызымның жасы қазір 27 де,екі баласы бар тұрмыста. Кеше ауызашар берген болатынбыз содан бүкіл туыстарды ауыз ашуға үйге шақырдық. Қызым да келіп көмектесті бірақ көңіл күйі болмай ашуланып жүрді.

Screenshot_15.jpg

Мама мен сізге бір нәрсені айтайын сіз бірақ ешкімге айтпаймын деп уәде беріңіз деді.. содан 9 жасында бір туысымыз қәзір 75 тегі шал зорламақшы болған екен, үйіне барғанда, сосын қашып құтылып кеттім дейді. Соны маған кеше бірақ айтты, бірдеңе айтамын ешкімге айтпаймын деп уәде берсең ғана деп,әсіресе әкеме деді, жарайды деп келістім.Сосын осы оқиғаны айтып берді,

таңқалғаным сонша, стреске түсіп кеттім. Әкесі ол шалмен жақсы араласады, айтайық әкеңе десем, жоқ ол қызуқанды өлтіреді бірден оны дейді , әкемнің сотталғаны керек емес жейді қызым. Ана шалды төрде бата бергені есіме түсіп қаным қайнап отыр..өзімді әзер ұстадым.Қызыма қарасам өте ашушаң болып кеткен, қызыма қалай поддержка бере аламын.Әлгі кісінінің қазір жасы 75 тен асқан, енді көрсем бір жамандық істегім келіп тұр ,қызыма неге айтпадың уақытында десем әкем үшін алаңдадым дейді.Жолдасыма айта алмай отырмын сол кісімен араласпашы ұнамайды деп бастаймынба ?? Ләззәт ханым не істеймін, қызыма қалай қолдау көрсете аламын, ешкімге айтпа деді деп жүре бергенім дұрыс па??

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Келінге күн көрсетпей жүріп, ұлынан айырылып қала жаздап тәубесіне келген ене
Күйеуім өзінің інілерінен қызғанып ұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу