Балаларым ауырып әлек болып жүрсем, күйеуім «неге бөлек жатасың» деп ұрып тастады

Oinet.kz 02-03-2024 4883

Ішімдегіні бр кісіге айтып жеңілдегім келіп отыр. Мен үйдің үлкен қызымын. Балалық шағым жақсы өтті. Інім мен сіңілім бар шүкір Анам мен Әкем де бар. 11 сынып бітіріп, өзім қалаған оқуға да түскен едім. Сол жылы 2011 жылы жазда бір жігітпен таныстырған еді. Үйіміз жақын екен арасы. Барлығы сол кезден басталды.

Screenshot_9.jpg

Оқуға кетемін, ол жігіт артымнан іздеп келеді, қызғанады, солай жүрген де арамызда жақындық болады. Отбасыларымыз кездеседі, келісімге келіп мені келісіммен алып қашады. Ол жігіт те үйінің үлкені екен, бірақ оқымаған. Беташар болады, мен келін боламын 17 жасымда. 1 апта ішінде қызғаныштан ұра бастады. Жұмысы жоқ, оқуы да жоқ, ішеді. Мамасы арамызға көп түсетін, қызғанамын сен3 деп айтатын, ұруы жалғаса берді. Көп уақыт өтпей жүкті екендігімді білдім. Угроза мен больницаға көп баратын едім, бірақ мені жатып емделуге жібермейтін, жоқ больницаға бармайсың болды бітті деп айтатын. Солай жүріп Анам мен Әкем білді ұратынын бірақ араласпады, себебі белгілі өзім ақымақтығымның арқасында тұрмысқа шығып кеттім. Маған қатты ренжіді Анам мен Әкем, бауырларым. Солай жүріп оқуғада жібермеді. Анам мен Әкем оқуымның ақшасын төлеп тұрды, ректормен келісіп. Мен қиналып жүріп, ісіп кеттім қатты. Сонда да емделмедім. 34 аптасында босанып қойдым қызды болдым. Ұру, араға түсу жалғасы берді. 40 күн болмастан қатты ұрды себебі Мамасы үйде болған жоқ. Өзі ішіп келген, бар ашуын менен алды. Бір көзімді ашсам үстіме шығып алып ұрып жатыр, есімді жоғалтып алдым. Есімді жисам қасымда жоқ. Таңға дейін жалғасты. Таңда Мамасын тауып келдік сосын басылды. Құлағымдағы сырғам сынып кеткен, басымдағы орамалды таға алмаймын басым қатты ісіп кеткен, денемнің сау-тамтығы қалмаған.

Қандай мазь, кремдер бар бәрін әкеліп маған көмектескен болып жүрді енем. 2 қайынсіңлім бар, 1 қайным бар еді. Олар өздерінің арттарын жинамайтын, дайын шәйді тіпті құйып ішпейтін. Той өтті туыстарым алтынға толтырды. 10 күннің ішінде бәрін менен алып, алдап ломбардқа өткізіп жіберді күйеуім. Содан 2 перзентіме жүкті екендігімді білдім. Бірақ жақын тұрған төркінге барған жоқпын, жібермейді сен кетсең үйдің тірлігін кім жасайды деп айтатын. Үлкенімді де дұрыс емізе алмайтынмын. соска салып қойып, соскаға конфеты жағып беретін 2 айынан бастап емізетін уақыт болды дегенде енем жылап жатқан жоқ үй тірлігін жасап жүре бер деп баланы бермейтін. Қызым ішекпен қатты қиналды, іші қатып қалатын, арық болатын, жылай беретін еді. Солай жүрген кезде менің де сүтім тартылып кетті жылай беріп. Ауылдан қалаға көшіп кеттік өзім асырып, өзім бағамын деді күйеуім. Менің артымнан келген заттарды сатты соның ақшасына ішті, қыдырды. Баланың ақшасына кашасында алып бермейтін. Не керек квартирама квартира жүрген кезде 2 перзентімді босандым. Ұлды болдық. Жұмыс жоқ, Мамам мен Папам квартира ақшасын төлейді, тамақты тасиды қызыма деп. Ол ішіп жеп жата береді. Ақша жоқ бірақ пива ішіп келеді, сол баяғы ұру соғу. Мен үндемей отыра беретін едім, жылап. Өзім тиген күйеуім. Кішкентай балам 3-4 айлық болған кезде квартира егесі қуып шықты содан Мамам мен Папам өздерінің үйіне мені күйеуіммен бірге қабылдады. Сонда да ұят жоқ ішеді, мені ұрады. Тіпті ішіп келіп менің папаммен төбелеспекші болған. Содан ол шығып кетті, 1 сумка киімдерін көтеріп. Арада 4 жыл өтті балаларымды Анаммен Әкеме қалдырып жұмыс жасап жүрдім Алматы қаласына барып. Ол кешірім сұрап келе берді 4 жыл бойы. Мен аварияға түсіп үйіме, ауылыма қайттым содан Мамам бастады балаларыңның Әкесі не болсада қайта қосылсайшы деп. Мен көнбей жүрдім. Содан не керек жарайды бір рет қана деп келістім. Бірақ ол сол баяғы ешқандай өзгерісі жоқ. Қарызы бар, тұрақты жұмысы жоқ, ішеді баяғынша. 2 ай бірге тұрып көрдім балаларсыз. Мама Папа болмайды ол осындай деп бәрін айттым. Жарайды қайта ғой үйге деді. Үйге келген соң Мамам қатты ашуланып жүрді. Маған ұрыса берді.

Содан Мамамды ренжіптейінші деп Балаларымды алдымда Күйеуіме бардым, ешкімге айтпай үйден қашып шығып кеттім. Не болсада Мамам мен Папама ауыртпашылығымды салмайын, ешкімнің өсегінде болмайыншы деген ойда болдым. Бірге өмір сүре бастадық, бірақ ол балаларының алдында да ұялмады ұруын, ішуін тоқтатпады мен үндемей шыдап, жылап жүре бердім. Небір ауыр сөздер айтатын. Содан Астана қаласында тұрып жатқан едік 1 бөлмелі квартирада. 1 бөлменің ішінде шомылу, тамақ ішу, ұйықтау. Сосын Қайнатам СҚО бағдарлама арқылы көшейік деп қоймады. Жарайды деп бардық сонда да ештеңе өзгерген жоқ. Керісінше мен артымнан 3 000 000 тг кредит алды. Менің күйеуім ия болды сен аласың деп мені ұрып, ұрысып, жылатып жүріп, мәжбүрлеп алдыртты кредит. Бірақ ол кредитті 33 жылға бөліп төлеуге алған болатын. Ол кредит төленіп жатқан жоқ. Содан менің аяғым ауыр болып баланы алдырт деп морально давили, мен жылап жылап балам түсіп қалды 3 айлық кезінде. Сосын 3 жылдан соң тағы аяғым ауыр екендігін білдік қатты қуанышты болдық. бірақ сол аралықта не өтпеді басымнан. көзге шөпте салды, таяқта жедім, аш қалған кездер де болды. Балаларым шаршап талай рет тау тасты аралап қашып кеттік. Қаншама рет жылап, қаншама рет ауырып, тіпті орнымнан тұра алмай жатып қалған кездерім болды. 3 перзентіме аяғым ауыр болғаннан үйлі болу керек деп үй іздедім, тағы кредит алдым бірнеше банктен үйді алдым да күйеуімнің артына жазып бердім. Ол бәрі бір сол баяғы жүрісі ішеді, жұмысы жоқ, ұру соғу, жан жал. Өзінен басқаның бәрі оған жаман кінәлі адамдар еді. Солай жүргенде2021 жылы 3 перзентім Ұлды босандым Павлодар облысының өзінде босанып үйіме келдім баламда бәрі жақсы шүкір. Бірақ күтіну деген жоқ еді, көмектесейін деген мүлдем жоқ. 2022 жылы банкрот жариялауға болады деген заң шығып кредиттерді төлемеуге жақсы себеп болды. Емізіп жүріп 4 перзентімді көтеріп қойдым тағы алдырт деген сөздер кетті. Жоқ баламды босанамын, алдырмаймын деп жүргенде ұру соғу, ұрыс көбейіп кетті. Үлкендеріме қарауға шамам жоқ. Үлкендерім қайта қайта ауырып

Больница мен Больница болып кетті. Үйде дәрісін беріп емдейік дегенге жоқ ештеңе қылмайды деп асқындырып алып үлкен Ұлым қатты қиналды. Қызым боласа ауыртпашылықтан омыртқа сүйегін майыстырып қатты ауырып қайта қайта больницаға жатып шықты. Витаминдер ішкізу керек еді бірақ Әкесі әпермейді. Үлкен ұрғада тамағы деп жүргенде өкпесіне өтіп кетіп, бронхиальное астматик болып шықты, тағы сезонной аллергия, қосымша көктем мен күзде басын көтере алмай жылап жататын еді. Солай жүріп үйден сауда жасаймын дем 2 рет ақша жинап заттар алдыртып сауда жасап саттым. бірақ қолдау болса жаман екен. сосын оныды тоқтаттым. декретке шыққалы керек затымның ешқайсысын алып бермейтін. толтырып продукты алып келмейтін, ет мүлдем жемейтін едік. Жұмыс жасасай десем 1-2 аптаға созылатын ұрыс. солай жүргенде балаларыма керек киімін ешқайсысын алып бермейтін.солай жүргенде менімен ұрысып жүріп кредитке машина алды. Таксист боламын деп. Бірақ тапқан ақшасы еселеп машина жөндеуге кететін еді. 4 перзентіме уақытым жақындап келеді сумка жинау керек тегі ақша жоқ үнемі ақша жоқ еді 50 мың теңгеге телефонымды саттымда СУМКА В РОДДОМ жинадым. Кпедиттің ешқайсысын төлемейді, Тамақ әкелсейші, Витаминдер ішіуім керек оған ақша жоқ солай жүргенде 4 перзентімді босандым қыз күткен едік, ұлды болдық. балаларына киімді туыстарынан қалған киімді алып келетін. қалған құтқан киіммен жүретін балаларым. Қатарластарына қызығып. Үйге шықтым роддомнан кішкентай балама тек қана телефонмен сүт қана берген жыламасын деп. Балаларым өз күндерін өздері көрген. күйдіріп жандырып тамақ пісіріп жеген. Азып қалған өздері. Кішкентай балам ішімде кезде дұрыс тамақтанбай, витаминдер ішпегендіктен кішкентай балам аяқ баспайтын педиатр врач бәрі дұрыс әлі ерте дейтін. солай жүргенде 5 айға толды балам. Травматолог- ортопедке апардым. Олар туылған кезде 2 жамбасы шығып кеткен деп. массаж жасасаң болды деп. машигамыз бар бола массажға апарғысы келмейтін Әкесінің. Массажға бару үшін ұрысатын едік. Сондай ұрыстың бірінде белден грыжаны жарып жіберді. сондағы ұрыс ұрының себебі менің 10 мин далаға шығуым. тағы бірде 2 кішкентай балам бірдей температурасы көтеріліп түнімен жылап

2 кішкентай балам бірдей температурасы көтеріліп түнімен жылап ұйықтамай енді ұйықтады дегенде мені ұрысып неге бөлек жаттың деп. соңында ұрып жалаң аяқ яғни аяқ киімсіз 1 футболкамен далаға қуып шығарып жіберген еді. Содан бір күн бұрын екі үлкен балаларымды ұрысып соңында қызым жылап жылап құлауға келген болатын. қорқытатын үлкендерді деп. қайнаған суға қолдарыңды салып жіберемін деп. содан мені көшеге күздің күні октябр айында үйден қуып шыққаннан мен көршілерден көмек сұрадым олар көмектеспеді, акиматқа бардым жаяу, аяқ киімсіз. жалобы айттым, полиция шақырды күйеуімнің үстінен заявление жаздым. ескерту айтып, штраф салды. солай жүрген де бір күні туған інісі өзіне қолсалған бірақ аман қалыпты деген хабар келді. Сосын күйеуім онда қатты ұрыс шығаратын болды, тоқтаусыз сөйлей беретін әдеті бар еді, миды жеп қоятын. ешкімді тыңдамайтын, тек қана өзінікі дұрыс болатын ол үшін. содан мен үйге келдім емізулі баламды алып отырдым бір күні миымды жеп қойды менде келіспей қойдым. содан мені ұстап отырғызып алды бала жылап жатсада мен сөйлеп жатсамда қарамастан ұрыса берді айқайлап. полиция шақырдымда тағы арыз жаздым. күйеуімді 10 күнге қамап тастады. сол уақытты пайдаланып балаларымды алдымда. үйдегі бар затты сатып төркінімнен келген заттар еді, Отағасы болып үйге ештеңе сатып алмайтын. баланың ақшасын жинап алатын едім. Анам мен Әкемнің үйіне келдім. Әрине ол кісілер қуана қойған жоқ. үлкенім 11 де кішкентайым әлі 1 жасқа толмаған еді. қазір ажырасып кеттім. 6 ай болды. Алиментке жазғам төлеп жатқан жоқ. мойнымда 8 млн кредит бар. ешқайсы төленіп жатқан жоқ. жұмысқа шыға алмаймын кішкентай балам 1 жаста садикке бере алмаймын, счеттарым барлық жерден арестте, ешкім жұмысқа қабылдамайды. Анам мен Әкемнің үйінде келін мен басқа да немерелері бар. 4 баламмен сыймаймыз, өзіммен 5 адам.

Балалар тартысып қалады, келін жақтырмай сөйлеп қалады. мен ренжіп жылаймын да жүремін. Анам мен Әкеме салса қайта қосылып кет дегілері келеді. Квартираға шығып, жұмыс жасап балаларымның керегін алып берсем деймін. бірақ қазір қолымнан ештеңе келер емес. Балаларым ренжиді маған алып бермедің керегімді деп. 3 перзентім 2жас 5 ай әлі сөйлемейді. кішкентай балам 1 жаста 1 ай әлі жүре алмайды, тісіде жоқ, тамақты да жегісі келмейді жылатып отырып беремін. салмағыда аз ғана 8 ай кг. кішкентай балаларымды емдетсем, кредитімді төлеп тастап, жұмыс жасасам деген үміттемін бар. Қашанғы Амам мен Әкемді уайымға сала беремін деп өзіме рендимін. кредит алып тұрып үйді бұрынғы күйеуімнің артына жазып бергем ештеңе керек емес деп балаларымды алдымда қашып кеткен нар мен боламын.

үлкендерім де кішкентайларымда Әкелерін іздемейді да. Мен жаман болмайын деп Әкеңе звандасайшы деп жүремін. Тұңғышым қызым мүлдем сөйлескісі келмейді. Үлкен Ұлым 2 -3 рет па сөйлесті 6 ай ішінде Бұл менің өмір баяным. Өзге кісілер біліп есітіп менің қателіктерімді қайталамасын деген оймен және ішкі күйімді жеткізгім келіп, өзге кісімен бөліскім келеді.

Ләззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Күйеуім бола тұра, жезөкшеге айналып шыға келдім
35 жасар еңгезердей еркек болсам да, үйдегілерді озбыр ағамнан құтқара алмай келемін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу