Әкемнің қартайғанда есі кетті

Oinet.kz 19-03-2024 4292

Сәлеметсіздер ме? Аты –жөнімді көрсетпей беріңіздерші.Өмірімнен үзінді айтайын әкем туралы.Біз кішкентаймыздан ұрыс- жанжалдың арасында өстік.

Screenshot_25.jpg

Әкеміз көп ішетін, ішкен сайын анама қол көтеретін.Ертесіне түк болмағандай жүре беретін.Анамыз біз үшін,балаларым әкесіз өспесін деп бәріне шыдап келді.Жан анашым біз үшін не көрмеді десеңізші.

Жарайды көп нәрсе біз кішкентай кезімізде болды. Адам балалары есейе келе, ақыл тоқтатып оң-солына қараушы еді ғой,олай болмады.

Былтыр анам жұмыста жүріп аяғын сындырып алды.Анамның жанында күндіз- түні  қарап,аяғынан тұрғыздым.Ол кезде әкем вахтаға жұмысқа кеткен болатын.Сонымен жұмыстан келген соң тағы ішті. Оның алдын екі-үш жыл ішпей жүрген. Ішіп келіп, төсекте жатқан анама аузына келгенін айтып,айқайлай бастады.Анам ол кезде балдақпен жүретін. Орнынан тұрып кетіп бара жатқанда аяғына бутылкамен ұрды. Қатты қорықтым. Бірақ, Аллаға шүкір анама ештеңе болмады. Айқай ұрыс үдеп,анамды нағашы әжемнің үйіне алып кеттік.Ертесіне есін жинаған соң,”неге кетіп қалғансыңдар?”- деп телефон соғып тұр.

Сөйтіп жүріп әкем “кетемін, ажырасамын” дейтінді шығарды, үйленемін,сөйлесіп жүргенім бар деді. Ақыры ажырасып тынды.Енді әлгі әйелмен Астанада тұрып жатыр.Ішсе звандап анамнан кешірім сұрайды. Бала-шағасы өсіп, немерелі болып жатқанда осылай жасағанына ызам келеді.7-баласы бар әке неге бұлай істегеніне қанша ойласамда түсінбедім.

Әлгі алған әйелі әдемі болса да үндемес едім,екеуі қосылып ішті деген не сұмдық? Қазір әкеммен аралспағаныма бір жылдан асты. Тіпті тұрмысқа шыққанымда да келмеді..

Сырласу журналы

Кезінде өз ұрпағымнан сонша жерінгеніме өкінем
Қария бағып отырған әйелдерге ескерткіш қою керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу