Анамыз біздің көзімізше басқа еркектермен сөйлеседі

Oinet.kz 17-03-2024 2723

Бойжеткен қызбын. Менің бар мәселем отбасым. Сырт көзге бақытты болып көрінерміз, бірақ бәрі керісінше. Мамам 40-тан әлдеқашан асып кеткен.Соңғы 5 жылда басқа еркектермен сөйлеседі, жүреді. Сол себепті әкем екеуінің арасы алыстап кеткен. Әкем оны әзірге басқа еркекпен ұстап алмады, бірақ бәрін сезеді, береке жоқ үйде.

Screenshot_21.jpg

Ал біздің көзімізше мамам басқа еркектермен сөйлесе береді. Жылап та айттым, ұрысып та, тіпті кейде төбелесуге дейін барамыз. Бұным үшін Аллам мені кешірмес. Бірақ бізге істеп жүргендеріне жүрегім езіледі. менің алдымдағы ағам үйге келмейді де, мені қойшы өзімнен кейінгі іні-сіңілімді ойлаймын, Олар әлі кішкентай, көргендері күнде ұрыс-төбелес, психикалары бұзылатын болды, не тәрбие алады ата-анасынан.

Анам мүлде үйге көңіл бөлмейді, көше ойының бәрі. Мен қашанғы папамның тамағын істеп, кірін жуып жүре беремін? Оқуға да түсе алмай жүрмін. Осының бәрін тастап күйеуге шығып кете салғым келеді, бірақ үйге кім бас-көз болады? Әкем соңғы кезде "шешеңді басқа еркекпен ұстап алсам, өз қолыммен өлтіремін" деп жиі айтады.

Үйдің үлкен қызы болған соң бәрін маған айтады. Папам арасында ішіп алса, осы себепті үйде төбелес. Сол кезде мамамды қорғаймын. Папам бірдеңе істеп қоя ма деп қорқамын. Сол үшін папамның көңілі қалған менен. Мамам сонда да қоймайды. Болашақ жоқ сияқты.1 күніммен өмір сүрем, бүгін үйде ұрыс болмасыншы деп Алладан тілеймін. Бірақ болар емес. Қазір де ұрысып, жылап отырмын. Анамның жылуын сезініп, сыйлап жүргім келеді, ешқашан орындалмайтын сияқты бұл арманым.

Аноним

Alashainasy.kz

Туған ағам анамыз ауырып жатқанда мүлде көмектеспей қойды
Сұлу деп алған жарым салақтың салағы болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу