Күйеуімнің досынан жүкті боп қалдым

Oinet.kz 16-03-2024 4281

Менің жасым 20-да. Күйеуіммен ажырасқаныма жарты жыл болды. Екеуміз заңды некеде тұрмағанбыз. Ол екеуміз үйленбей тұрып жақын қатынаста болып қойған едік, үйленетінімізге сенімді болдық. Содан кейін бірнеше ай кездесіп жүрдік. Сол кезде күйеуімнің жолдас баласы менің кыз емес екенімді біліп жыныстық қатынаска күштеп апарды. 

Screenshot_11.jpg

Осы жағдай бірнеше рет қайаланды. Егер менімен болуға келіспесең, ата-анаңа бəрін айтамын, менімен болып жүргеніңді айтамын деді, мен катты қорықтым ешкімге айтпадым.

Уақыт өте мен жүкті екенімді білдім. Ең жаманы мен күйеуіммен де, оның жолдас баласымен де қосылган айы көтерген екенмін. Бірақ оны ешкімге айтпадым. Содан күйеуіме тұрмысқа шықтым. Енем мені алғашқы күннен-ақ жақтырмады, маған "балаң кімнен екенін құдай білсін, қазіргі қыздарға сенбеймін мен", деп айтып тастайтын. Тууға бір ай қалғанда енем ақыры мені күйеуімнен ажыратып жіберді. Күйеуім анасына қарсы шықпады. Қазір əке-шешемнің үйіндемін. Олар алимент төлетеміз деп отыр, сотқа берді. Енді сот күні жақындап калды. Енем ДНК тест жасатасыңдар деп отыр. Ал менде күдік бар. Күйеуімнің жолдас баласынан көтеріп қалсам ше? Не істесем болады? Ауыр күнә жасағанымды білемін, амалым бар ма? 

alashainasy.kz

Ақшаның бәрін ұстайтын қайын атам ашуыма тиіп жүр
Анасын буындырған бесіктегі бала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу