Келінді басқа жақтан емес, өз облысыңнан алған дұрыс екен..

Oinet.kz 22-02-2024 2060

Баяғы есіктің алдында, палаткада өтетін тойларды айтам да, керемет еді ғой ә? Ең бастысы алыстан келген қонақтар да, жаңа құдалар да (басқа қаладан болса) сол той берген үйде, сыймаса көршілердің үйінде қона салатын еді ғой. Үйықтамайды да ғой.

Screenshot_14.jpg

Жастар жағы бөлек, жаңа таныстар, мәкәбәт-сәкәбәт дегендей. Үлкендер жағы түнімен әндетіп, жүз грамдарын ішіп, тілектерін айтып мәз-мейрам болушы еді.

Қазір ше қазір? Өткенде бір таныстың тойында болдық. Құдалар Алматыдан. Алдын-ала жалдап қойған джиптермен вокзалға барып құдаларды күтіп алдық та, бронь жасап қойған қонақ үйге тура тарттық. Орналасып, демалып алған соң, әдеміленіп-сәнденіп тойға шықты. Әлгі джиптерге отырғыздық та, ресторанға тарттық. 

Жалданған джиптердің ақшаларын төлеп, оларды қайтарып, тойды бастадық. Той кәдімгі сценарии бойынша тілек айту, билеу, тамаданың жаттанды әзілдері. Музыка, у-шудан құдалармен дұрыстап таныса да алмадық. Танымасақ та кәдімгі дежурный сөздермен бірі-бірімізді мақтап, "сендердей жақсы адамдармен құда болғанымызға қуаныштымын"деп лепіріп, өте "мәдениетті" екендерімізді көрсеттік қой қолдан келгенше) Тойдан соң манағы джиптер жоқ, ішпейтін туыс, достардың табылған көліктерімен қонақ үйге апарып тастадық та, үйлерімізге тарқадық.

Ертеңіне кішілеу мейрамханада тәтті шай. Ішетіндер бастарын "жазып" алып, ішпейтіндер шалбарларын үтіктеп алып қонақ үйге бардық. Тағы да сәнденіп құдалар, құдашалар шықты. Тағы да тілек айту, билеу, ет жеу, кәделерін жасау, қалған тамақты пакетке тығу..

Қонақ үй, кешке вокзалға апарып, поездарына отырғызып қоштастық. Алыстан келген қонақтар құдасының үйін көрген де жоқ, қонақ үй, рестораннан қайтты.  Бүкіл қонақ сиятындай екі қабат коттедж не үшін деймін дә. Мұндай да той болады екен..

Қонақтар кеткен соң өзіміз жақсылап шай ішіп, шай үстінде тойдың керемет өткенін айтып, бірі-бірімізді мақтап тарқастық. Рақаттың бәрін мейрамхана, қонақ үй, джиптің иелері, тамада мен музыканттар көрді. Айтпақшы әр суретін мың теңгеден сатқан фотографтар сосын. Соңғы кездегі тойлар тек ысырап, шығын екенін білеміз ғой. Келін басқа облыстан келсе екі есе шығын екен ғой. Бойдақтар, өз қалаларыңнан табыңдар жұптарыңды.

Есет Калманов

Мәпелеп өсірген ұлы жаман келін алып, анасына көресіні көрсетті..
Студент кезімізде құрбымыздың кесірінен 4 бірдей қыз зорлықтың құрбаны болдық..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу