Отбасым бола тұра ажырасқан әйелге байланып қалдым

Oinet.kz 09-03-2024 2331

Менiн жасым отыз жетіде ер адаммын, осында жазғаным дұрыс емес , бiрақ бiреулерге сабақ болса деген мақсатпен жазып отырмын. Отбасы бола  тұра басқа әйелмен жүрмесе екен деп.

Screenshot_10.jpg

Құдайға шүкiр бiр ұл, бiр қыз өсіріп отырған бақытты отбасымын. Үй-жай барлығын бар. Тұрақты жұмыс жасаймын, табысым да жақсы. Мендегі мәселе екi жылға жуықтап қалды, ажырасқан келiншекпен көңiл жарастырып жүрмiн. Оның жасы жиырма бесте, үште және төртте , екі қызы бар.

Білмеймін неге екенін күнә екенін білсем де осы келіншекке байланып қалдым. Енді араласпаймын, бармаймын десем де «келмейсің бе?» деп шақырса барып қоямын. Енді екi қызы да "әке" дейтiн болып жүр. Үйретіп қойғансың ба? десем, «жоқ өздері солай ойлайды» дейдi. 

Оны менi пайдаланып жүр дейiн десем, осы уақытқа дейiн бiр ретте ақша жағынан көмек берген емеспiн, сұрамайды да, өзiнiң табысы өзiне жетедi. Осымен жүрiстi доғарайық десем жылайды «саған бала-шағаңа зиянымды тигізбеймiн, осылай жүре берейік сенi жаксы көремін» деп.

Күйеуге шығып ал деп те айтып көрдім талай рет, өзі әдемі сымбатты келіншек. «Енді күйеуге шыққым келмейді, шықпаймын осылай өзiммен-өзiм жүргенiм жақсы» дейдi.

Өзi бiр жылдай болды, ағасы үй салып берiп бөлек тұрады. Бiр күн болмаса, бiр күнi менiң әйелім бiлiп қалса қалай болар екен?Әйелімдi жақсы көремiн, ештеңеден хабары жоқ, менен сезіктенбейдi, асты-үстiме түсiп жүреді. Кейде аяп кетемiн. Неге бұлай жасап жүрмiн? Маған не жетпейді? деп өзiмдi жек көрiп кетемiн.

Соңғы кезде басым қатып қалды. Еркек әйелінен таппаған жылуды сырттан іздейді деп жатады, мен үшiн бұл бекер әңгіме екен...

Мені күйеуім қалай керексіз заттай тастап кетті? (әңгіме)
Ата-енем қолдағы барымызды 5 немересінен қызғанып тартып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу