Алматының ең мықты, ең қымбат университетін бітірген қыз оқымаған жігітке тигеніне өкіне ме?.

Oinet.kz 16-02-2024 1432

Жігіт кафеде официант болып жұмыс жасайды. Келіншегі үйде балаға қарайды. Декретте. Жігіт жұмысына көңілі тоқ екенін жүзінен байқауға болады, әрдайын күлімсіреп жүреді. Бүгін жұмыстан сағат 23:00-де шықты. Жолда дүкеннен шәйға тәтті сатып алды.

img_4407.jpg

Келіншегі күйеуі үйіне келгенге дейін баланы ұйықтатып шәй жасап күтіп отырды. Күйеуі есіктен кіргенде күлімсіреп қарсы алып қолындағы пакетті алып ас үйге кетті. Келіншегі ас үйден шығып диванда отырған күйеуінің қасына барып шұлығын шешіп, аяғын жуды. Күйеуі болса келіншегінің жүзіне күлімсіреп маңдайынан иіскеді.

Келіншегі күйеуіне: «мен сені күні бойы көрген жоқпын, сенімен шәй ішкім келеді»-деді.

Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті түспеді. Дәл осы үшін жолдан сен жақсы көретін тәттіні алдым, шәй ішіп әңгімелесеміз деп.

Дастархан басында келіншегі : «Білесіңбе, мен бүгін күшті тамақ жасадым, дәмін көресіңбе?".

Күйеуі: "Тамаша! Жақсы, көрейін, бірақ ұсыныс бар".

Келіншегі: "Қандай?"

Күйеуі: "Егер қандай тамақ жасағаныңды тапсам менің өтінішім бар, соны орындайсың, келісесің бе? Таппасам онда сенің қалауыңды орындаймын.

Келіншегі: "келістік".

Күйеуі тамақтың атын дұрыс табады. Келіншегі: "Қандай өтінішің бар? Орындайын қолымнан келсе".

Күйеуі: "бұдан былай менің аяғымды жууды тоқтатшы мен қатты ыңғайсызданам.

Сен өзің мен секілді оқымаған болсаң түсінетін едім, бірақ сен Алматының ең мықты, ең қымбат университетін грантпен оқып, қызылға бітірдің. Ағылшын тілін жетік меңгергенсің, жұмыс жасап жатқан орының да әлемдік беделді компаниялардың бірі. Білесің бе Алланың ісіне таң қаламын мен секілді қазақшадан басқа тіл білмейтін, дипломы жоқ адамға сені жар еткеніне. Сендей нығметті маған сыйлаған Аллаға қанша шүкір етсем де аз. Сол үшін мені ыңғайсыз жағдайға қалдырма онсыз да мен сенен разымын. Өйткені, сен көрікті қанағатшыл ақылдысың

Келіншегі: "Білесің бе, менің артымнан жүгірген жігіттер өте көп болды: жағдайы жақсы, абыройлы, атақты бірақ, ешқайсының деңгей дәрежесі шіреніп жүргеніне қармастан сенің қасыңда бәрі боқмұрын.

Күйеуі: "Басқалар жайлы жаман сөз айтпашы, өтінем".

Келіншегі: "Білесің бе, сенің қай жеріңе ғашық болдым? Сенің бойыңдағы еркіндік пен азаттықтан туындаған өр мінезіңе.

Байқағаным сені жоқшылық қиыншылық, аштық, адамдардың ой-пікірі езе алмайды. Сен олардан азатсың. Атақ, абырай, әйел, қымбат көлік, үй, мол табыс сені тұтқындап құлы қыла алмайды. Сен оларға да мойынсұнбайтын асаусың. Осындай өр мінезіңе қарамай мейірімді және кішіпейілсің.

Сенің қасыңда өзімді қауіпсіз, сенімді және еркін сезінемін. Өтінішіңе келсек өкінішке орай орындамаймын. Өйткені, байқағаным соңғы кезде менен ыңғайсызданып өзіңді төмен санай бастадың. Сен менің дипломымды, оқыған жерімді, ағылшын тілін білгендігімді, жұмыс орнымды есепке алып өзіңді төмен сезінуіңді тоқтатпайынша мен де сенің аяғыңды жууды тоқтатпаймын. Маған басыңды иетін болсаң, ӨЗІМДІ КЕШІРМЕЙМІН..."

Қандай керемет, Алла разы болсын осы келіншекке! Өнеге алатын терең әңгіме ғой, шіркін. Ұлы бар аналарға ибалы келін кездессін.

Желіден алынды

Әйел үйленген күні күйеуіне «сізден бала тапқым келмейді» деп ажырасып кеткен..
«Жетімдер осындай іспен ғана нанын тауып жей алады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу