Қайын ата дейтін залым адамнан шаршадым

Oinet.kz 06-02-2024 1281

Сәлеметсіздер ме, оқырман! Мен ата-енеммен тұрамын. Осы заманда ата мен ененің орны ауысып кеткен бе? Енем ешкімге зияны жоқ адам. Сөйлеуге ерінетін кісі. Оның үстіне азаннан кешке дейін жұмыста.

Screenshot_17.jpg

Өзім декреттемін. Қайын атам жұмыс істемейді. Тәулік бойы үйде. Менің 2-3 жастағы қызарыммен ырылдасады да жүреді. Бала болғасын шашып ойнайы, төгіп ойнайды. Сондайын көргенде бажылдап ұрса беретін. Соңғы кездері қол көтеретін болды. Өткенде бір қызым шекерді төгіп алып еді, шыңғыртып ұрып жатыр. Ер адам болғасын үндемеймін, қорқамын. Кейде маған да бажылдап әрдеңені айтып, ұрсып тастайды. Мені қоя берші, қыздарымды ұрғаны жаныма батады. Ұл болса да мейлі ғой. Қыз баланы қалай қолы барып ұрады? Бәлкім әйел адам ұрса да білінбес пе еді? Шыны керек, "Қайын ата" дейтін залым адамнан шаршадым.

Қыздарым қайын атамды көрсе, қашып келіп менің етегіме тығылатын болды. Күйеуіме айтсам, "маған ондай әңгіме айтпа, шыдамасаң кете бер" дейді. Жүйкем жұқарып кетті. Не істеуге болады? 

Қалталы жігіт мені қызыммен бірге аламын дейді. Бірақ оған өзімді қимаймын
«Мені зинаға итерме» деп бетімнен аямай салып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу