Қыз кезімде гинеколог дәрігер «жүктісің» деп жала жақаны үшін, арыз жазу керек еді

Oinet.kz 13-02-2024 2052

Сәлеметсіз бе. Осы универдегі гинекологтардың тексерісі туралы жазайын деп едім. Бірінші курс оқитын кезде сессия алдында тексерістен өткізетін. Ойымда ешнәрсе жоқ 18 ге енді толғанмын. Тексерілуге бардым ішімді басып көрді (негізі тұқымнан ішім бар болатын) "чё та не то" деді. 

Screenshot_3.jpg

Басқа дәрігер шақырып алып келді ол да "не то" деді. Мен айтып жатырмын "өзімнің ішім бар қарным" деп. Ол қарын мамамда да, сестраларымда да, мамамның мамасында да болған. "Ой жоқ сен екі қабатсың" деп шықты. "Жоқ мені екі қабат емеспін креслоға шығарып көріңіз мен қызбын" дедім. Креслоға шығармады "екі қабат болмасаң онда маткаңда дәу киста бар" деді. "Ертең таңертең келесің узиге міндетті түрде кел әйтпесе кистаң дәу болмайды" деді. Мақұл деп кеттім. Мамам алыста мен Алматыда сол кистаң дәу дегенді уайымдап мамам екеуміз екі жақта уайымдап ұйықтамай мамам давлениесі 200 менікі 160 болып көтеріліп кетті. Мамам "қызым операция десе қорықпа бәрі жақсы болады" деп жұбатып қояды. 

Қуығымды толтырып айтқан уақытына барсам узи кабинетте кезекте тек аяғы ауыр келіншектер отыр. Біреуі маған қарап "кешіріңіз кіп кішкентайсыз аяғыңыз ауыр ма" деді. "Жоқ менде киста бар деп шақырды аяғым ауыр емес қызбын" дедім. "Кәзір сізді кірсеңіз де, узи түсірмейді бүгін түске дейін екі қабаттар түстен кейін басқа диагнозбен түсіреді. Гинекологтар әдейі уақытына шақырады сіз екі қабат болмасаңыз сізді түстен кейінге шақыру керек еді" деді. Қой, сұрап көрейін деп узи кабинетке кіріп сұрап едім "қыз болсаң киста десе түстен кейін кіресің" деді. Гинекологқа бардым жағдайды айттым қолымнан сүйреп тұрып узи кабинетке алып барды кезектен тыс кіргізді. 

Узист "түсірмеймін екі қабат емеспін деп тұр түстен кейін келсін" деді сол кезде шок гинеколог айтады "100% екі қабат" деп. Менің көзім банка узист маған қарайды "шыныңды айт екі қабатсың ба" деп мен жоқ дим. Сонымен гинеколог айтқанынан қайтпады жат деді кушеткаға жаттым. "Өзім қараймын" деп "бала бар" деп жұлқынып қарап еді киста да, таста, бала да жоқ. Өз ішім. Узист айқайлады "сенің қызыңа осылай істесе жақсы ма кәне 100% дегенің баланы тап ал" деді. Гинеколог ашуланып шығып кетті. 

Узист "үстінен арыз жаз" деді "сені алдап шақырды" деп. Мамаммен телефонмен сөйлесіп арыз жазайын ба деп бара жатыр едім гинеколог "кіммен болмайды мен қателестім мен де адаммын бала шағамның жейтін нанынан айырма арыз жазба" деді. Мама айтып едім бір жолға кешіре сал деді. Бірақ қанша уақыт өтсе де кешірмедім. Сол кезде бір әрекет істеуім керек еді. Мен ол гинекологты кешірмеймін де ұмытпаймын да. Климат алмастырып жаңадан келген студенттердің айлық белгісі келми қалатын кездер болады олар сол ккзде де екі қабатсың деп бірден дүрліктіреді. Солар анық қанығына жетпей дүрліктіргені үшін жаза қолдануға болмайды ма?

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Күйеуіммен бірге жатпақ түгілі сөйлеспейміз де
«Алдады, сатқындық жасады»: Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу