Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Үйленгеніме 20 жыл болғанын атап өтуге дайындалдым. Мақсатым әйелімді разы қылып, тосын сый жасау еді. Кешкісін сөз бастадым. Өмір жолдасым, балаларымның анасы,сүйгенім, сені қалаған мейрамxанаңа қонақ етейін дедім.
Әйелім жай ғана күлімсіреп:
- Балаларымның әкесі, 20 жылдық өмірді атап өтуге менен де сені көбірек сүйген, менен де саған жақын бір әйел бар,соны шақырмайсың ба, деді.
Шошып кеттім.
- Не дейсің? Қай әйел жайында айтып жатырсың, менің сүйгенім сен ғана,- дедім қызбаланып.
- Жоқ сені менен де көбірек сүйетін сол әйелді шақыр, ол сенің анаң. Анаңды мейрамxанаға шақырып, бір сыйламайсың ба, - деді.
Әйелімнің сөзі жүрегіме қанжар ұрғандай болды. Ақырғы рет анаммен қашан мейрамxанада отырғанымды ұмытып қалыппын. Әкемнің өлгеніне 19 жыл болыпты. Содан бері анаммен бір сағат отырып сырласпаппын, шүйіркелесіп отырып тамақ та ішпеппін. Әйеліме риза болдым да, телефонды алып, анама телефон шалдым.
- Апа демалыс күні мен сізді қалаған мейрамxанаңызға мейман етейін,келесіз бе?-дедім.
Сөйтсем ананың жүрегі басқа екен, балам не болды, тыныштық па, келінмен ұрсысып қалдың ба,немерелеріме бір нәрсе болды ма?-деп сұрақтың астынан алып жатыр.
- Тыныштық апа, жай ғана сізбен оңаша отырғым келді десем, айналайын балам,садағаң кетейін, сен шақырсаң жоқ деймін бе,әлбетте барамын,бірақ маған үлкен мейрамxана керек емес,есіңде ме әкең тірі кезде ауылдың шетінде бір кішкене кафе бар еді ғой,сол жерге барайық, - деді анам.
- Болды апа, демалыс күні барамын,- дедім жүрегім тулап.
Демалыс күні машинамды мініп, өзім өскен,жалғыз анам тұрып жатқан қара шаңыраққа келсем,анам мені тағатсыздана күтіп сыртта жүр екен.Мен жанына келіп тоқтадым. Апам сондай сұлу болып кеткен. Көңіл бөліп,апамның үстіне қарап:
- бұл көйлекті қайдан алдыңыз,керемет жарасып тұр сізге, - дедім.
- Ее осыдан 19 жыл бұрын өлер алдында әкең алып берген көйлек қой,- деді апам онша мән бермей. Сонда мен осы уақытқа дейін анама бір жаңа көйлек те әпермеппін. Жүрегім шым етті.
Сонымен ауылдың шетіндегі жұпынылау кафеге келіп отырдық.Даяшы қыз ас мәзірі жазылған қағазды қолымызға ұстатты. Тамақтың біраз түрі бар екен. Кенет апама қарасам,байғұс апамның көзі жетпей қиналып отыр екен.
- Апа мен оқиын, - деп, жазылған тамақ атауларын оқи бастадым. Апам көзіне жас толып:
- Сен кішкене кезіңде сені алып келетін едім,бүгін міне сен маған қызмет жасап жатырсың,ендеше бүгін тамақты сен таңдап әпер, - деді шаттанып. - Анашым ақылсыз балаңды кешір, қарызыңды өтейтін уақыт келді. Осынша жылдар қарыздарымды өтемей келіппін, - деп іштей езіліп, өкініп отырмын. Апам аз ғана тамаққа тапсырыс берді. Тек сөйлеп отыр. 2 сағат, 3 сағат отырдық, апамның әңгімесі таусылар емес, марқұм әкем жайында,бауырларым жайында, менің балаларым жайында әңгіме бітер емес. Кафе жабылар кезде алтын анашымды машинаға отырғызып үйге әкелдім. Жолда апам, өзін көршілерінің, құрбыларының асыға күтіп отырғанын айтты.
- Сен телефон шалғалы бері барлығына мені ұлым мейрамxанаға шақырды, - деп мақтана айтып едім, олар енді не болар екен деп күтіп отыр деді. Құдай қаласа қазір барып,бәрін айтып беремін деді апам мақтанышпен. Машинадан түсерде апам менің маңдайымнан сүйіп:
- Алтыным балам, бұл кездесуіміздің мен үшін қандай бақытты кездесу болғанын білген жоқсың. Балам сенен бір өтінішім бар, жоқ демегін, уәде берсең айтайын, - деді.
- Апа уәде берем айтыңыз. Онда менің өтінішім,осы кафеге тағы бір рет отырсақ, менің ішімде әлі айтарым көп,сенің дидарыңа,жарық маңдайыңа тойған жоқпын. Апажан сен айтқан күні келемін десем,менің бір шартым бар деді.Не шарт ? Келесі келгенде кафенің ақшасын мен төлейін,сенің бала-шағаң бар, - деді.
- Мақұл, - деп келістім де, үйге қайттым.
Бір жұма өткенде кенеттен суық xабар келді. Мен апамның шақыруын тағатсыздана күтіп жүрсем,анам дүниеден өтіпті...! Бауырмал,мейірімді,"Меірімділік" символы (белгісі) болған қайран анам,бір неше жыл болған басындағы қатерлі ісік жайында айтпапты баласына.
Анамды арулап,ақырғы сапарға шығарып салдық.Бір күні апам екеуміз отырған кафеден шақыру келді.
"Осы біздің кафеден екі адам қонақ болып кетсеңіздер"- деген. Өмір жолдасым болған әйелім екеуіміз келдік. Апам екеуміз отырған үстелді жасап қойыпты. Даяшы қыз бір "конвертті" қолыма ұстатты. Конвертті ашып оқысам:
"Алтыным балам,жаным,көзімнің қарасы, нұрым, мен сенімен қайта кездесуіме көзім жетпеді,себебі сендер менің қатерлі аурумен ауыратынымды білмейтін едіңдер. Міне бүгін өмір жолдасың екеуің, мені естеріңе түсіріп, жақсы дем алып кетіңдер. Сені сүйген,сен үшін жанын беретін,сен үшін құрбандыққа дайын болған, апаң",- деп жазып қойыпты. Тіпті апам кафенің де ақшасын төлеп қойған екен. Менің жүрегім жылап тұрды.
Бақұл бол, қайран анажаным,кешір ақымақ балаңды!!!