Түске дейін кіндік-санын ашып кіиніп, түстен кейін оранып намаз оқиды...

Oinet.kz 21-01-2024 1044

Осыдан бірнеше жыл бұрын шет елдік бір компанияда жұмыс істегенім бар. Қызметкерлердің барлығы, басшыларға дейін түгел мұсылмандар. Барлығы дерлік намаз оқиды.

Screenshot_4.jpg

Ұжымда Зарина деген қыз бар еді. Намаздан қалмайды. Бірақ іс-әрекеті, болмысы мұсылман қызына лайық деуге келместей. Зарина жұмысқа сәнді киіммен келетін де сөмкеге салып алған орамал, хиджабын тек намазға барғанда киетін. Сәнді ұнататыны соншалық, белін жылтыратып, топиктің небір түрін үстінен тастамайтын.

Кейде қызмет орнында елуден асқан еркектердің бар екенін ескерместен шортымен келетінін қайтерсіз? Белі, балтыры ашық-шашық қызға басшылық үндемейтін. Өйткені басшымыз кеңпейіл адам еді.

Намаз уақыты таяғанда Зарина үстіндегі лыпасын хиджабқа ауыстыратын. Күніне екі құбылатын қызға бірдеңе деудің өзі қиын еді. Өйткені ол ескерту жасап, я ақыл айтқан әріптесті жас демей, кәрі демей, бетінен алатын. Тым жас дейтіндей емес, 25-ке келген. Косметиканың түр-түрін еркін қолданатын. Мәселе бұнда да емес, оның дінді қалай түсінетінінде болса керек.

Қысқасы, оны таңертең көрген адам түстен кейін кездессе танымай қалатын. Зарина түске дейін мойын, бел, санын жалтыратып жүрсе, түс ауа хиджабты мұсылман бола қалады.

Бірде шет елдік бастық одан қалам сұрады. Заринаның бастықтың қаламын оның өз қолына қайтарудың орнына анадайдан бетіне лақтырып жібермесі бар ма?! Бастық төзімді еді. «Неге үйтесің?» деген жоқ. Оның бұл әрекетінен кейін тіптен жиреніп кеттік. Сөйтіп, керекті кезінде белін жалаңаштап, фигурасын көрсетіп, қажет кезінде намазын да қаза жібермейтін Заринадан әріптестер түрпідей жиырылатын. Сөйлеген адамның бетінен ала түсетін дөрекі қыз кімге жақсын? Өзі тағы қандай жігіттермен достасып жүргенін де көпшіліктен жасырмай әңгімелейтінін қайтерсіз?

Заринаны жақсы көріп, үнемі қасынан табылатын Гүлфия деген қызметкер болды. Екеуінің мінезі ұқсас. Елуді еңсерген ағайлар мен апайлар тіл қатса да екі қыз тұрпайы жауап қатады. Өзіне қажет кезде ғана сыпайы. Қыз ұзатып, келін түсіріп отырған бір апай бірде әлгі екеуіне мұсылман адамның ылғи да өзгелерге үлгі боларлық жақсы мінезді болуы қажет екендігін түсіндіре бастап еді, Гүлфия «Шаруаңыз қанша?» деп қайтарып тастады. "Шаруаңыз қанша?" — Гүлфиның ең жиі қолданатын тіркесі. Бұндай мінезділермен бір ортада жұмыс істеудің өзі қиын ғой.

Бірте-бірте екі долының мінезіне шыдамаған әріптестер шетінен өзге жұмысқа ауыса бастады. Ақырында жаңа кадрлар келгенде Зарина мен Гүлфия ғана қалыпты ескі орында. Иә, намаз оқып, хиджаб киіп, өзін мұсылманбыз дейтін пенделердің арасында дінді аяқ асты етіп жүргендері де бар екен...

qamshy.kz

Жасы үлкен бай келіншекке үйгенгеніме қатты өкінемін..
Безбүйрек жеңгем балаларын тастап, күйеуге тиіп алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу