Алматыдағы студент қыздардың пәктігін тексерген тізім тыныш өмірдің астаң-кестеңін шығарып жатыр

Oinet.kz 15-02-2024 2583

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірі студент қыздардың пәктігін тексерген тізім әлеуметтік желіге жарияланып, ел ішінде ду-ду әңгіме. Елдікі өсек, талқылау, ал біреулер үшін тыныш өмірдің астаң-кестеңі шығып жатыр.

Screenshot_12.jpg

Студент қыздардың бірінің анасы хабарласты. Етегі жасқа толып отыр. Айтуынша, қызы 5 жас кезінде 25 жасар көрші педофил зорланған екен. Сот болып 9 жылға ғана сотталған.Содан 7 жыл ғана отырып,,тағы адам өлтіріп сотталған!!Сол сұмдықты ұмытуы үшін көп жұмыстанған қызымен, болған жайтты ұмытсыншы деп маманға да апарған, туған ауылынан көшіп басқа қалаға қоныс аударған. Арада зымырап он бес жыл өтіп, қызы енді ғана есін жиды ма дегенде кешегі жағдай болып тұр.

— Біздің елде кімге сенім бар осы? Не орган, не оқу орны қорғай алмайды. Кімге сеніп, кімге арқа сүйеуіміз керек? Нағыз тексергіш болса, неге педофилдердің санын реттеп, солар туралы ақпаратты неге жарияламайды? Қаншама адамның өмірін қор қылады ғой кешегі жағдай. Үкімет зорланғандарға не қолдау, не қорғауға жоқ, тым болмаса жарты әлемге жар салмаса болмай ма? — деп зар жылайды анасы.

Расымен, біреудің жеке дерегін желіге жариялап, елге тарату — үлкен қылмыс. Конституцияда еліміздің басты байлығы адам және құқықтары деп нақты көрсетілген. Осы басты байлықты аяққа таптап, елдің өміріне қатысты құнды мәліметті қатын өсек ретінде таратқандар қатаң жазаға тартылсын. Талап етеміз!

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Өзім байдың таяғына төзсем де, баламның таяқ жегенін көтере алмайды екем
Күнәға батқым келмейді: Кәрі қыздың жан сыры елді жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу