«Үй жануары сияқтысың»: Араб шейхына күйеуге тиген қазақстандық әйелдердің жан айқайы...

Oinet.kz 14-01-2024 2700

„Арабтың шейхына күйеуге шығып, үлде мен бүлдеге оранған ханшайымға айналамын„ деп армандайтын қыздар арамызда әлі көп. „Мың бір түн„ ертегісінің ғажайып кейіпкеріне айналғысы келген жүздеген қыздар жыл сайын Қазақстаннан Араб еліне саяхаттап кетіп жатады. Алайда бұл бос қиял екен.

Screenshot_5.jpg

Бүгіндері сол елге барып, өз қиялдарына арбалып, алданып қалғандарын айтқан қазақстандық келіншектер басынан өткен оқиғаларын өзгелерге сабақ болсын деп, бөлісіпті. Бұл туралы мақала NewTimes.kz сайтында жарияланды.

Бай-манаптар бас сұғатын дүкенге даяшы боп орналасқан талдықорғандық Дарина сұлу әрі жас болатын. Табатын табысы да жаман емес: 400 мың теңге. Бір күні оған орта жастағы арабтың көзі түсіп, сөз тастайды. Аз уақытта „мендік бол„ деп қолқа салады. „Жұмыс істемейсің, өзіңнің күтушің болады, бағалы сыйлықтармен үйіп-төгемін, одан артық не керек. Маған екінші әйел боласаң, ұл туып берсең болғаны„ деп қолқа салады ол.

Қыздарын бала деп санамайды

Алайда бала туа салысымен Даринаның сән-салтанатты өмірі күрт өзгеріп қоя берген.

– Менің күйеуім өте бай-қуатты адам. Ол жұмысының әрбір сағатына жалақы алады. Тіпті, үшінші әйел аламын десе де оған салмақ емес.

Бірақ қазір ол маған, тіпті, балаларына да көмектеспейді. Интернеттің де ақысын төлемейді. Үш баламыз бар. Балаларым мектепке де бармайды. Өйткені, ол оқу ақысын төлегісі келмейді. Ал қыздарын бала деп, мойындамайды.

Балаларымның барлығы маған тартқан, аққұба. Содан кейін де ол балаларын жақсы көрмейтін секілді, – дейді Дарина.

Дубайдағы өмірді мен бұлай елестеткен жоқпын. Мұнда үй жануары секілдісің

Шымкенттік Маржан есімді келіншек те жақсы өмірді аңсап, Араб еліне барып, тұтылып қалғанын айтады.

– Шетелдік қыздар арабтардың тек екінші әйелі бола алады. Шариғат бойынша мұнда бірінші әйел араб болғаны дұрыс. Менің күйеуім өте бай, оның менен бөлек бірінші әйелі бар. Әрине, Дубайдағы өмірді мен бұлай елестеткен жоқпын. Басында бәрі жақсы болды. Бір адамды құлай сүйіп, күйеуге шығасың, бала туасың, содан кейін бәрі бітті дей беріңіз.

Ал мұнда күйеуіңнің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайсыз. Бір сөзбен айтқанда, өз-өзіңе тиесілі емессің. Үй жануары секілдісің. Араб әйелдерінің ештеңеге құқығы жоқ.

Жұмыс істеуге маған тыйым салынған. Менің бар бітірерім: үйде отыру, жұмыстан келетін күйеуімді қарсы алу. Ал қандай да бір мәселе туа қалса, мені кінәлі етеді. Тіпті, жұмыстағы мәселесіне де мен кінәлімін. Кейінгі кезде ол қол көтеретінді шығарды. Басында үндемедім, артынан оның барлығын бейнетаспаға түсіретін болдым. Полиция шақырған соң, күйеуім сабырға келеді, басылады.

Балаларымды ол қатты жақсы көреді. Осы ғана маған демеу, балаларым үшін өмір сүремін!– дейді Маржан.

Біраз болмағанда, қызымыз екеуміз жер басып жүрмес те едік

Оның сөзіне қарағанда, Араб әмірлігінде жүрген қазақстандық қыздар көп. Әйелдер бір-бірімен байланыс ұстап, өзара тілдесіп тұрғанды жөн көреді екен. Тәжірибелерімен бөліседі, кеңестерімен алмасады.

31-жастағы қостанайлық келіншек бүгіндері араб күйеуімен ажырасып кетіпті, бірақ ол әлі Дубайда  тұрып жатыр.

„Ол өлімші етіп мені сабап тастайтын, тіпті, „өлтіремін„ деп қоқан-лоқы көрсететін. Содан кейін мен одан ажырасып кеттім.

Шыны керек, енді біраз болмағанда, қызымыз екеуміз жер басып жүрмес те едік. Бақытымызға орай, мен өзіме көрсетілген қорлық-зомбылықты дәлелдей алдым, сөйтіп бізді ажыратты.

Ұлыма оңайырақ. Өйткені ол ұл бала ғой. Ал Араб әмірлігінде ұл балаға барлығы төленеді: баспанамен қамтамасыз етеді, оқу ақысын төлейді, дәрігерге тегін қаралады. Ал маған Қазақстан азаматы ретінде барлығы ақылы.

Мысалы, дәрігердің көмегі керек болса, ақысын төлеп қана қарала аламын. Мен ай сайын жәрдемақы аламын, өйткені, араб балаларын тәрбиелеп отырмын ғой„, – дейді ол.

Бұл айтылған оқиғалар бергі жағы ғана көрінеді. Өйткені, араб елдерінде ер адамның құқығы жоғары, сондықтан олар ойына келгенін істей алатын көрінеді. Сондықтан мұнда қорлыққа шыдамай, өз өмірімен қош айтысатын  нәзік жандылар көп көрінеді.

Қайынағам мен көрші әйелдің қылығынан мен ұялып жүрмін
Туған сіңлім ішкілікке салынып кетті, ішіп қана қойса жақсы ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу