«Менің іш киімдерімді ауылға беріп жібереді»: Дуаланған еркек анасын үйден қуып шыққанын айтты

Oinet.kz 13-01-2024 1632

20 жыл бойы дуаланып, әйелінің магиямен айналасатынын соңғы үш жылда ғана білген еркек жағдайының мүшкіл екеінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 50/50 бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Screenshot_2.jpg

Әйелім үйленгелі мені өзінен алыс кетпес үшін дуалаған деген Нұрғали Құдияров бағдарламаға шағымданып келді. 

- Бұл менің екінші әйелім. Байлықтың әсерінен жастық кезде көтере алмай, біріншісін тастап екінші әйел алдым. Бірақ, мен бұған дуаланып  келіппін. Үш баламыз бар. Менің іш киімдерімді Сарыағашқа беріп жіберіп, екі аптадан соң күтіп алады. Сосын оны маған кигізеді. Мен қатты өзгердім. Тек әйелімнің айтқанымен жүретін болдым. "Тұр, ана бөлмеге кет" дейді. Мен тек соның айтқанын істеймін. Соның кесірінен анамды өзім дорбаларымен бірге аялдамаға апарып тастадым. Анамды үйден қудым. Туыстарыммен араласпаймын.  Үйге ешкім келмейтін болды, деді. 

Бар сұрары үйі мен бір баласын алғысы келетінін айтты. 

Нұрғали Құдияровтың анасы да бұл айтылғандарды растады.

- Келініммен үш жыл тұрдым. Мені түнде тұрғызып алып, қызыл свеча жағады. Оны Израилден алдырттым деп айтты. Балаңыз қыдырып жүрмес үшін, үйдің тыныштығы үшін деп мені судың жағасына апарып сондай дүниелер жасайды, деп растады. 

Құдияровтың әйелі:

- Күйеуімнен тек қорлық көрдім. Ұрып-соғады. Ол наркоман, деп жылап қоя берді. 

Бағдарламаға барысында психолог бұл еркекке "невротик" диагнозын қоятынын айтты. 

- Бұл ауру емес. Бұл кісіге саналы түрде ғылымда рационалды терапия керек. Ойша бәрін жасап алған. Ол дуаланбаған. Театр психологиялық тұрғыда емделу керек, деп, көмегін беретінін айтты.

Жолдастарым мені «қайынжұрттың баласы» деп келеке етеді
Күйеуімнің қылығы шаршатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу