Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Сәлеметсіз бе! Оқырмандардан кеңес сұрағым келеді. Жасым 33-ке келеді жақында. Тұрмыс құрғаныма 3,5 жылдан асты. Қызым 2,5-да, ұлым 6 айлық. Мендегі жағдай: енеммен сыйыса алмадым.
Түскелі "жасы келген" деп тиісті. Үндемей жүрдім. Менің жасым 29-да, күйеуім 35-те еді. Қызымды босанып, ол бірге келгенше осы үйдің бар тірлігін істеп жүрдім. Барлық келін міндетін атқардым. Қайын інім үйленіп, оларға той жасады. Ал бізге жастары келген деп той істемеді. Абысыным 34-те болған. Мейлі дедім, Қара шаңырақта біз тұрған соң үндемей, бар құдалықтарын бір өзім дайындап күттім. Одан кейін де қаншама қонақ, қаншама мейрам. Мейлі мәйеле бұда емес қой.
Екіншімді босанып келдім. Оның алдында мектепке кіріп, жұмыс істегем. Сол мектептен декретке шықтым. Барлығына көмектесіп жүрген өз анам. Жұмысқа кіргізді. ИП ақшасын өзі төледі. Енді босанып келдім, ақша түсті. Енем үлкен қызымды босанғанда да сөйлеген. Әке-шешем қызымның дүниесін алып келем дегенде, "до родовой ақшаң түсті ғой, сол ақшаға күтеміз" деді. Мен жолатпай қойғам. "Енді миллион алдың ғой, қайда ақшаң?" деп бір сұрады. "Мамам жұмысқа кіргізді, Ип төледі. Қарызымды бердім" дедім. "Қалғанын да анама беріп қойдым, керек кезде аламын" дедім. Содан бері енем күн көрсетпейді. Күнде таңертең каша пісірем. Енді кейде бала кішкентай кезде түнімен ұйқы жоқғ тоғызға дейін ұйықтап қалсам, күйеуіме жамандап отырады. Шыдап үндемей жүргенмін. Бірақ алдында шыдамай айтып тастам ем, арты ұрыс болды. Сол кезде "Неге олай істейсіз? Әлде ажырасқанымыз керек пе?" дедім. Ол "Иә" дейді. "Сіз де босанып келген соң, тіпті, енем болып қалжаламадыңыз да" десем, "Екінші балаң ғой деп, әейі қалжаламадым" дейді. "Сонда 65-ке келген кемпірдің ойы сол болса, 30-дағы менен не күтесіз? Ақылыңыз соған жетсе, ажырасуымызға сіз себеп боласыз" дедім. Күйеуіме бөлек шығайын десем, бүгін-ертең деп созып жүр. Үйдің үлкен баласы. "Жастар тұрсын, ақыры жасым келген ғой" деп те. "Кетем" десем жібермей отырады. Бірақ шешесі қарсы қойып, ұрыстырып отырады. Босанғаннан кейінгі депрессия да осының кесіренен болып жатқан сияқты. Ажырасу оңай екенін білем. Бірақ шешесі үйде жоқта бәрі керемет. Мүлде ұрыспаймыз. Балаға да қарап, көмектеседі жолдасым. Ал ол келсе бәрі қайтадан басталады. Білмеймін не істерімді. Мен бәрінен морально шаршадым.
Бәрін түсінем. Бірақ, басқа абысындарым да енеммен тұрмаймыз дейді. Сосын айттым "Қай келінге сыяды екенсіз, көреміз" деп.
Менің әке-шешем өте ақылды адамдар. Солар үшін ғана қазір шыдап жүрмін. Мамам алдын бір рет алып кетем дегенде, күйеуім "бөлек шығамыз" деп жұбатқан. Сосын мамама "келмей-ақ қойыңыз" дедім. барлық дүниемді, баламның барлық дүниесін әке-шешем толтырып әкелді. Сонда да тоймайды енем. Не керек екенін түсінбедім. Әлде қолды бір сілтеп кетіп қалайын ба? Жұмысқа шығып кетейін десем, балам емшекте әлі. Оның үстіне, үйіміз де жұмыстан алыстау. Бәрін ойлай беріп шаршап кеттім, тіпті. Мамам басында "шыда-шыда" деген соң үндемейтінмін қоятын шығар деп. Бірақ енем әбден басынып алды. Соған күйінем. Тіпті, той жасамағанда да мамам ештеңе демеді, "жағдайлары жоқ қой" деп. Соған енем анамды үндемейді деп басынып алған. Не істеуге болады?
Ляззат Ракишева
Instagram парақшасынан