Плэйстейшн үшін ажырасып кетіпті
Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қажет. Тұрмысқа шыққаныма 2 жыл болды. Қазір аяғым ауыр, декреттемін. Күйеуіммен жүріп жүргенде байқамаппын, плэйстейшн десе жанын береді.
Басында түн ортасына дейін ойнап қайтып келетін. Қазір 2-3 күн жоғалады. Кейде достарын үйге әкеліп ойнайды. Енді ойнаған кезде өздерінің тағдырлары шешіліп жатқандай, аяғайлап, боқтап-боралап тұрып ойнайды. Достары соншалық нашар деп айта алмаймын. Тек күйеуімнің достарының бәрі бір ауылда тұрады, ал біз басқа 1 сағаттық жол жүретін ауылда тұрамыз. Олар күнде жиналғасын, күйеуім де сол жаққа қарай тартады да отырады. "Бармаймын" десе, достары "ой, подкаблучник, анау-мынау" деп тиіседі екен.
Кеше де әй-шай жоқ түн ортасында жиналып жатқан соң, "надоел сенің плэйстейшнің" деп едім, қырғын-соғыс болып ұрыстық та қалдық. Ақыры барған жоқ. Шынымен де "плэйстейшн" дегенді естісем, жыным қозатын болды. Оның үстіне аяғым ауыр, үйден шықпаймын. Ол болса жұмысқа кетеді, одан достарына кетеді, бір-біріміздің бетімізіді көрмейтін болдық.
Сол кешегі ұрыстан кейін әлі тымырайып, жақ ашпай жүр. Қалай қойдырсам болады осы ойын дегенді? Тіпті, ажырасу туралы деп ойлап кеттім. Бірақ "плэйстейшн үшін ажырасып кетіпті" деген сөз масқара ғой?