Әкем тағы да үйленем дейді...
Тағдыр мені ана алақанынан бес жасымда айырды. Атымды жазғым келмейді. Анонимді беріңіздерші. Анам ел қатарлы өмір кешіп жүргенде кенеттен жүйке ауруына шалдығыпты.
Анамды əкем емдетемін деп, ем қонар деген оймен апармаған жері қалмапты. Əлі анам байғұс күніге сандырақтап, жиі-жиі қысылып қала береді. Жазылмады. Аурудың кесірінен өз перзентінен қарай да алмапты.
Мені нағашы апам бақты. Əкем анам ауырғалы үш рет үйленді. Үшеуі де шаңырағымызға əйел болып қала алмады. Енді жетпіске қараған шағында, тағы үйленем деп қоймайды. Əкеме қараймын ғой. Əлде əкемдікі жөн бе? Қартайғанында өзі теңдес жан керек пе?
Біреулер қартайғанда қарайтын адам керек, әкеңдікі дұрыс дейді. Маған нәпсіқорлықтай көрінеді. Жетпіске келгенде тағы төсек жаңғыртып не опа таппақ деймін де...